«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қала мен облыс аумағындағы электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізетіні туралы хабарлайды.
Бұл жұмыстар компанияның электрмен жабдықтау сапасы мен сенімділігін арттыруға, сондай-ақ апатты жағдайлардың алдын алуға бағытталған жүйелі бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
Жоспарлы жөндеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Апта сайын «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары әртүрлі аумақтарда электр желілеріне техникалық қызмет көрсетеді. Алдағы уақыттағы жоспарлы өшірулер туралы тұтынушылар алдын ала хабардар болуы үшін жұмыстардың кестесі компанияның ресми сайтында жарияланады.
Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады: бір күні — белгілі бір мекенжайларда, келесі күндері — қаланың және облыстың басқа учаскелерінде. Негізгі мақсат — желілік жабдықтың тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету.
Жоспарлы жұмыстар аясында атқарылатын шаралар:
электр желілерінің элементтерін тазалау және ішінара ауыстыру;
электр желілеріне қауіп төндіретін ағаштар мен бұталардың бұтақтарын кесу;
жабдықтың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін ақауларды жою.
Жоспарлы жөндеу жұмыстары дүйсенбіден жұмаға дейін, жұмыс уақытында — сағат 17:00-ге дейін жүргізіледі. Электр энергиясын өшіру ұзақтығы жұмыстардың көлемі мен күрделілігіне байланысты. Егер тұтынушыларды баламалы қорек көзіне қосу мүмкіндігі болмаса, қысқа мерзімді өшірулер орын алуы мүмкін.
Жөндеу жұмыстарының түрлері:
Ағымдағы жөндеу — жабдықтың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін ақауларды жою бойынша жоспарлы шаралар.
Күрделі жөндеу — жабдықтың негізгі элементтерін ауыстыру немесе қалпына келтіру арқылы оның ресурсын толық жаңарту.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ тұрғындарды атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауға шақырады. Барлық жүргізіліп жатқан жұмыстар электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.