Алда газдандыру деңгейі 80%-ға жетеді

Алда газдандыру деңгейі 80%-ға жетеді

7 шілде күні Үкіметтің бірлескен отырысы болып өтті. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселелері қаралды. Премьер-министр газ саласын дамыту энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, тұрақты экономиканың өсіміне қол жеткізудің және халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың негізгі шарттарының бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы экономиканың орнықты дамуы үшін заманауи энергетикалық инфрақұрылым, ішкі нарықты энергия ресурстарымен сенімді түрде қамтамасыз ету және стратегиялық инвестициялық жобаларды уақытылы жүзеге асыру қажет екенін әрдайым атап көрсетеді. Бұл міндеттер толығымен газ саласына да қатысты. Себебі ішкі тұтыну көлемі тұрақты түрде өсіп келеді. Өткен жылы 20 млрд текше метрге жетті. Президент қойған міндеттерге сәйкес, Үкімет газ саласын дамытудың кешенді және Перспективалы жаңа кен орындарын игеру жоспарларын бекітті», – деді Олжас Бектенов.

Жиында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «QazaqGaz» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 68,2 млрд текше метрді құрады. Биылғы бес айда 25,9 млрд текше метр газ өндірілді. 2026 жылға арналған жоспар – 64,5 млрд текше метр. 2025 жылы тауарлық газ өндірісі 27,4 млрд текше метрді құрады. 2026 жылы бұл көрсеткішті 27,4 млрд текше метр деңгейінде сақтау жоспарланып отыр. Биылғы бес айда 10 млрд текше метр тауарлық газ өндірілді. 

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елді газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті. Табиғи газға қолжетімділік 13,1 млн адамды қамтып отыр. Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықты газдандыру деңгейін 80%-ға дейін жеткізу қажеттігін атап өтті.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов өз баяндамасында бірқатар маңызды деректерді айтып өтті. Оның айтуынша, бүгінде еліміздің газбен қамтылу деңгейі – 64,2%, табиғи газға 13,1 млн адам қол жеткізген. Биыл газ тасымалдау жүйесін дамыту 40 жоба аясында жалғасады, оның ішінде 7-сі бұрыннан бар және 33-і жаңа жоба.

Еліміздің солтүстігін көгілдір отынмен қамтамасыз етудегі негізгі қадам – Қазақстан Үкіметі мен «Газпром» ЖАҚ арасында «Есіл – Астана» магистральдық газ құбырын салу туралы меморандумға қол қойылғаны. Жоба Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларын газбен тұрақты жабдықтауға кепілдік береді, сондай-ақ еліміздің солтүстік өңірлеріне табиғи газ жеткізу бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік пайда болады.

«Елімізді газдандыру деңгейін 2035 жылға қарай 64,2%-дан 80%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша газ транзиті – 70,4 млрд текше метр, 2026 жылға арналған жоспар – 73,3 млрд текше метр. 2026 жылдың 5 айындағы нақты көрсеткіш 30,3 млрд текше метрді құрады», – деді министр.

Ерқазы Сейтқали

10.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26594
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26027
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43413
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39206
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43822