Әлем чемпионына пәтер сыйлады

Әлем чемпионына пәтер сыйлады

Көкшетаудағы Kokshe Arena спорт кешенінде әлем чемпионы Оразбек Асылқұловпен кездесу салтанатты шарасы өтті. Шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Қазақстан бокс федерациясының президенті Мұталип Шахмұрат арнайы қатысты. Әкім Марат Мұратұлы чемпион інісі мен бапкеріне ізет көрсетіп, чемпионға пәтер кілтін, бапкеріне ақшалай сыйлық тарту етті. Мұталип Шахмұрат бауырымыз да құр қол келмепті. Ол Kokshe Arena спорт кешеніне шағын автобус сатып алуға сертификат табыстады.

Оразбек Асылқұлов – Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының жарқын өкілі, 2026 жылғы Азия чемпионы (Ұлан-Батор), 2025 жылғы әлем чемпионы (Дубай), 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионы, халықаралық және республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және ел спартакиадасының жүлдегері атанған.

Кездесуде О.Асылқұловтың Моңғолияда өткен Азия чемпионатындағы жуырдағы жеңісі жайлы ерекше әсерлі әңгімелер өрбіді. Финалдық жекпе-жек қайсарлық пен шеберліктің нағыз үлгісін көрсетіп, шешуші айқаста үндістандық қарсыласын жеңгені мақтанышпен айтылды.

Салтанатты рәсім барысында Марат Ахметжанов спортшының жетістіктері бүкіл өңірдің мақтанышы екенін атап өтіп, жастар арасында спортты дамытуға үлгі, өнеге болатынына сенім білдірді. Ол дарынды спортшыларды қолдау   тұрақты жалғасатынын жеткізді.

 

Дахан ШӨКШИРҰЛЫ
21.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25247
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24754
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42188
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38040
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42521