Түркістан облысы делегациясының ҚХР-ға іссапары аясында өңір делегациясы Сиань қаласының «Digital content industry research institute» креативті индустрияны дамыту институтында болды. Оқу орнының басшылығымен кездесіп, жұмысымен танысты. Нәтижесінде, Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы Сиань қаласының креативті индустрияны дамыту институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат цифрлық шешімдер мен шығармашылық индустрия саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Орталық VR, яғни виртуалды шынайылық құрылғылары, TikTok сияқты әлеуметтік желілерге арналған бейнероликтерді компьютерлік модельдеу, редакциялау бағдарламалар арқылы шығарады. Күніне 50 000 бейнеролик, жылына 10 млрд роликті кәсіби түрде әзірлеуде.
Қазіргі таңда орталықта 200 қызметкер жұмыс істейді және 500 оқушы тәжірибеден өтуде. Оған қоса, қысқа метражды бейнероликтердің кейіпкерлері ретінде 10 мыңнан астам жергілікті халық мерзімді жұмыспен қамтылған.