Әлеуметтік әмиян арқылы тегін дәрі-дәрмек беру көрсеткіші артты

Әлеуметтік әмиян арқылы тегін  дәрі-дәрмек беру көрсеткіші артты

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мониторингіне сәйкес, былтыр өңірде 331 412 науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, оның ішінде 252 320 рецепт әлеуметтік әмиян жүйесі арқылы берілген. 

Жоғары көрсеткішке қол жеткізген медициналық ұйымдар қатарында Қызылқоға аудандық ауруханасы (99,5%), Индер аудандық орталық ауруханасы (99,2%), №3 қалалық емхана (97,9%), «AV medical» ЖШС (97,5%), «Альянс медицинал» ЖШС (96,6%) және Жылыой аудандық орталық ауруханасы (94,6%) бар.

Мамандардың айтуынша, әлеуметтік әмиян жүйесі арқылы дәрі-дәрмек беру пациенттердің қажетті препараттарды уақытылы әрі ашық алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жүйе дәрілік қамтамасыз ету процесінің ашықтығын арттырып, рецепттердің орындалуын тиімді бақылауға жол ашады.

А. ХАМИТТЕГІ
09.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24741
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24398
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41841
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37713
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42142