Белдесуге еліміздің әр облыстарынан балуандар қатысуда.
Дүбірлі жарыс Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының келісімімен, Жамбыл ауданы әкімдігі, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, Жамбыл ауданы қазақ күресі федерациясы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілуде.
Жарысқа 15 команда 200-ге жуық спортшылар қатысуда.
Шараның ашылуында сөз алған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы балуандарға сәттілік тіледі.
— Бүгін өңірімізде республикалық чемпионат бастау алды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшыларға алғыс білдіремін. Шын мықты жеңіске жетсін. Сәттілік тілеймін, — деді аудан басшысы.
Чемпионатқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола облысы Батыс Қазақстан облысы, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облысынан балуандар қатысуда. Турнир бірнеше күнге созылады.