Алғашқы сапар, абыз Қорқыт

Алғашқы  сапар,  абыз Қорқыт

Қазақ өзі тылсымға сенген, бабаларды ұлықтаған ел емес пе? Сол із бойынша облыс әкімі Мұрат Ергешбаев алғашқы жұмыс сапарын Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешенінен бастаған секілді. Ұлы баба жатқан орында ел ағалары, зиялы қауым өкілдері және ардагерлермен кездесу өткізді.

Аймақ басшысы қалың елге жалғыз барған жоқ. Қазақстанның Еңбек ерлері Абзал Ералиев, Имамзада Шағыртаев, облыстық мәслихат төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, облыстық, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары барды.

Кездесуде аймақ басшысы ақсақалдардың ел бірлігі мен қоғамдық келісімді  нығайтудағы рөліне тоқталып, аға буынның өмірлік тәжірибесі мен ой-пікірлері қашанда маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, ел ағаларының ұсыныстары мен ақыл-кеңестері әрдайым ескерілетінін жеткізді.

Ардагерлер облыс басшысының алдағы істеріне сәттілік тілеп, алғашқы қадамды жиналыстан емес, киелі орыннан, тағылымды кездесуден бастағанына ризашылық білдірді. Алдағы жұмыстар тек бірліктің, ел сенімінің арқасында жемісті болатынын айтқан Мұрат Нәлқожаұлы Марал ишан кесенесіне де арнайы барып, ондағы атқарылған жұмыстармен және қазіргі жағдайымен танысты.

Жосалы кентінен шығысқа қарай 18 шақырым жердегі кесененің төлқұжаты облыстық бюджет есебінен жаңартылып, қорғау тақтасы орнатылды. Жергілікті маңызы бар микросакралды киелі орындар тізіміне енгізілді. Ал 2018 жылы аудандық бюджет есебінен жаңғыртылып, облыстық бюджет қаржысына 3D форматтағы интерактивті карта әзірленді.

2024 жылы облыстық бюджеттен 252,3 млн теңге бөлініп, 6,5 шақырым «Жалағаш – Жосалы – Марал ишан» автомобиль жолы жөнделді. Киелі орындар ұрпақ үшін тұмар секілді, ал ұлы бабалар жолы біздің бағдаршамымыз.

Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы
20.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25299
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24797
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42229
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38082
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42570