Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Теміртауқаласының өнеркәсіп және әлеуметтік нысандарынаралады.
Үкімет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 3-домна пешінің жұмысымен танысты, сондай-ақоблыс және кәсіпорын басшылығымен өнеркәсіпқауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Әлихан Смайылов металлургия қауіптілігі аса жоғары өндіріс саласы екенін атап өтті. Бұл ретте«АрселорМиттал Теміртауда» аталған проблема өткірболып тұр, ал кәсіпорында жүргізіліп жатқан қауіпсізеңбек жағдайларын қамтамасыз ету шараларыжағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік беріпотырған жоқ.
Үкімет басшысының пікірінше, технологиялықпроцестерді жаңғыртуға, оның ішінде моральдықтұрғыда әбден тозығы жеткен жабдықтардыжаңартуға бөлінген инвестициялар жеткіліксіз. Бұл – өндірістегі апаттық жағдайлардың туындауынаәкелетін басты себептердің бірі.
«Жыл сайын өндірісте 10-12 адам мерт болады. Біз бұл жағдайға көне алмаймыз. Жабдықардыңәбден тозығы жеткен, жаңғыртуға салынатынинвестициялар деңгейі басқа кәсіпорындарменсалыстырғанда 2-3 есе төмен. Мұны түзету керек. Инвестиция көлемін кезең-кезеңмен арттырып, еңалдымен, қызметкерлердің қауіпсіздігінқамтамасыз ету керек», — деді Әлихан Смайыловкомпания басшылығына.
Сонымен қатар премьер-министр экологиялыққауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назараударды.
«Күн тәрбіндегі экологиялық мәселелер өткіртұр. Мемлекет басшысы біздің алдымызға тиістіміндеттер қойып отыр. Сондықтан бұл мәселебойынша бірлесіп жұмыс істеуіміз керек», — дедіол.
Осыған байланысты Үкімет басшысы кәсіпорынбасшылығын өндірістегі жазатайым оқиғалардыңалдын алу және экологиялық міндеттемелерді сақтаубойынша пәрменді шаралар әзірлеуге шақырды.
Бұдан кейін Әлихан Смайылов «Линде Газ Қазақстан» ЖШС өнеркәсіптік газ өндіру зауытыныңқызметімен танысты. Зауыт Мемлекет басшысыныңГерманияға сапары кезінде Ынтымақтастық туралымеморандумға қол қойылғаннан кейін іске қосылған.
«Бұл орайда екі ел арасындағыуағдаластықтар табысты іске асырылыпжатқанын көруге болады. Бұл біздің елгеинвестиция салуды қарастыратын басқа шетелдіккомпаниялар үшін жақсы ынталандыруболмақ», — деді премьер-министр.
Әлихан Смайылов компанияның көмірқышқылгазы шығарындыларын азайту жөніндегі шешімдеріеліміздің басқа өңірлеріндегі металлургия және химия зауыттарында, мұнай-газ және энергетика салаларының кәсіпорындарында сәтті қолданылуымүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ Үкімет басшысы Теміртауда балалардытәрбиелеу мен дамытудың жақсартылғанбағдарламасын іске асыратын «Жас таланттаракадемиясы» балабақшасына барды.
Биыл республика бойынша 322 жаңабалабақшаны іске қосу жоспарланған, оның ішінде 14 балабақша Қарағанды облысында орналасқан.