Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Саран қаласының индустриялық және инфрақұрылымдықдаму барысымен танысты.
Үкімет басшысы 2022 жылдың соңында іскеқосылуы тиіс «KamaTyresKZ» ЖШС жаңа шина зауытының құрылыс алаңына барды.
Кәсіпорын жоспарлы қуаттылыққа шыққаннанкейін өнім, соның ішінде автомобильдердің бастапқыкомплектациясы үшін Қазақстан нарығына, сондай-ақЕАЭО елдеріне жеткізіледі деп күтілуде.
Әлихан Смайылов кәсіпорынның сабақтасөндірістерін локализациялауды арттыру және арнайыәзірленген білім беру бағдарламалары негізіндекадрлар даярлауды жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар облыс әкімі Жеңіс Қасымбекпремьер-министрді Saran индустриялық аймағыныңинфрақұрылымын дамыту туралы хабардар етті.
«Көп жылғы үзілістен кейін қаланы дамытудрайверлерінің бірі және өсудің перспективалықнүктесі Saran индустриялық аймағын құру болды. Бұл жергілікті тұрғындар үшін маңызды, олармұндай жобалардың іске қосылуы қаладағы өмірсүру сапасын қалай өзгертетінін нақты көруітиіс», — деді Үкімет басшысы.
Содан кейін Әлихан Смайылов жылына 1200 бірлік автобус шығаратын «QazТehna» ЖШС зауытына барды.
Бүгінде кәсіпорында мектеп автобустарыншығару жолға қойылған, олар жаңа оқу жылына қарайҚазақстанның тоғыз облысына беріледі. Соныменқатар жыл соңына дейін қоғамдық тасымалдау үшінде автобустар шығару жоспарланған.
«QazТehna» зауыты әлемдік машина жасаудыңірі өкілдерімен өнеркәсіптік кооперация бүкілқаланы қалпына келтіруге оң ықпал етеалатындығына мысал бола алады. Үкіметотандық автомобиль жасау кәсіпорындарын оданәрі кешенді түрде қолдайтын болады», — дедіӘлихан Смайылов.
Сондай-ақ премьер-министрге импорттыалмастыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде іскеқосуылуы тиіс «Meridian Company» ЖШС болашақтұрмыстық техника зауытының жобасытаныстырылды.
Бұдан әрі Әлихан Смайылов жыл соңына дейінпайдалануға беру жоспарланып отырған РТБ (резеңкетехникалық бұйымдар) шағын ауданындағы көпқабатты үйлерді қалпына келтіру барысыментанысты.
Жалпы Саран қаласында тұрғын үйқұрылысының қарқыны соңғы үш жылдық кезеңде260%-ға ұлғайды. 2022 жылы тағы 250 пәтерпайдалануға беріледі деп күтілуде.
«Әкімдік тұрғын үйді іске қосу қарқынын оданәрі ұлғайтуы, сондай-ақ қаланы абаттандыруменбелсенді айналысуы қажет», — деді премьер-министр.