Референдум

Алкоголь мен нашақорлыққа тәуелділік – қоғам қасіреті

Алкоголь мен нашақорлыққа тәуелділік – қоғам қасіреті

Алкоголизм мен нашақорлық – жанның ауруы, өйткені аурудың дамуымен бірге есірткі мен алкоголь адамның өміріндегі ең маңызды факторға айналады, барлық назары соған шоғырланады. Адамның алкогольге немесе есірткіге тәуелді болуының көптеген себептері бар. Бұл стресс, ауыр қайғы (мысалы, жақын адамның қайтыс болуы), жұмыстағы немесе жақындарымен қарым-қатынастағы қиындықтар болуы мүмкін.

Үкімет қаулысымен Қазақстанның нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілген еді. Ол әлі жалғасуда. Кешенді жоспарда аталған шараларды жүзеге асыру үшін бюджет есебінен 53,1 млрд теңге бөлу қарастырылған болатын. Осыдан-ақ мемлекеттің алкоголизм мен нашақорлыққа қаншалықты көңіл бөліп отырғанын білуге болады.

Құжат Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ел. Берекелі қоғам» Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында әзірленгенін айта кеткен дұрыс.

Алкоголиктер мен нашақорлардың өмірлік құндылықтары, қызығушылықтары, айналасындағы ортасы өзгереді. Ең қорқыныштысы – бұл өзгерістер тек мас немесе есірткі әсерінде ғана емес, адам есін жиған кезде де сақталады.

Алкоголь мен есірткі адамның санасынан маңызды нәрселерді ығыстырып, табиғи таланттары мен қабілеттерінің ашылуына кедергі келтіреді, рухани бос кеңістікті ұлғайтады. Бұл сөзсіз азғындыққа, құлдырауға әкеледі және оны шайтанның жолына бастайды.

Алкоголизм мен нашақорлықпен күресуде дәрі-дәрмектер көмектесе алады, бірақ ең алдымен науқасқа рухани көмек қажет, өйткені емделуі тиіс нәрсе – адамның жаны мен оның құмарлығы.

Есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрес жүргізу тек қана құқық қорғау органдарының ісі деп қаралмауы керек, ол жалпы халықтың міндеті болып саналуы тиіс. Нашақорлықтың алдын алу үшін бұл іске барлық мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарды белсенді тарту – онымен күрестің алғышарттарының бірі. Қазақстанның күрделі геосаяси аймақта орналасуы, халықаралық лаңкестіктің күшеюі қылмыстың өсуіне кері әсерін тигізуде. Баршамызға белгілі, негізгі себеп болып отырған ортақ мәселе – ол нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күресті жүргізу. Профилактикалық жұмыстарды белсенді жүзеге асыру нашақорлар санының кемуіне, есірткіге деген сұраныстың азаюына, осы дертке қарсы күрестің басқа да әдістерімен қатар айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК

05.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23788
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23455
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40384
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36903
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41128