«ALMATY CIRCUS FESTIVAL» атты II Халықаралық цирк өнерінің фестивалі

«ALMATY CIRCUS FESTIVAL» атты II Халықаралық цирк  өнерінің фестивалі

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақ мемлекеттік циркі 2024 жылғы 24-28 шілде аралығында өтетін "ALMATY CIRCUS FESTIVAL" атты II Халықаралық цирк өнері фестивалі туралы мақтанышпен хабарлаймыз. Бұл фестиваль өзара қарым қатынас пен мәдени туризмнің белсенді даму алаңына айналды.

Фестивальдің мақсаты: халықаралық мәдени байланыстарды дамыту, әлемдік аренада отандық цирк өнерінің дамуына жаңа серпін береді, көрермендердің Қазақ мемлекеттік циркінің мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейту және қоғамдағы халықаралық цирк өнерінің мәртебесін арттыру.

"ALMATY CIRCUS FESTIVAL" әлемнің көптеген елдерінен келген цирк өнерінің жанкүйерлері мен цирк өнерінің үздік өкілдерінің басын қосады, бұл Қазақстанда мәдени туризмнің белсенді дамуына өз үлесін қосады.

Қазылар алқасының төрағасы «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» және Қазақ мемлекеттік циркінің директор Мақсат Жаиков: «Фестиваль барысында алматылықтар мен әсем қаламыздың қонақтары Қазақ мемлекеттік циркінде барлық континенттердің үздік цирк әртістерін және номерлерін тамашалай алады, олар фестивальдің жоғары марапаттарын алу үшін өздерінің таланттары мен кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Фестиваль қатысушыларының өнерін халықаралық кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының құрамында қазақстандық және шетелдік цирк өнері майталмандары мен амбассадорлары  кіреді».

Фестиваль Бағдарламасы. Аты аңызға айналған Қазақ мемлекеттік циркінің манежінде цирк өнерінің барлық жанрларында бірегей нөмірлер ұсынылады:

·        Эквилибристер: орындаушының қандай да бір қолайсыз жағдайда тепе-теңдікті ұстай білуі.

·        Акробаттар: керемет ептілік пен күшті қажет ететін, көрерменді таң қалдыратын трюктер.

·        Әуе гимнасттары: цирк күмбезінің астында таңғажайып ұшу.

·        Даршылар: биіктіктегі тепе-теңдік шеберлігі.

·        Жонглерлер: тіпті ең талғампаз көрерменді бей-жай қалдырмайтын виртуоздық нөмірлер.

·    Сайқымазақтар: Армения мен Италиядан келген әлемге әйгілі сайқымазақтар көптеген күлкілі және жағымды эмоциялар көңіл күйіңізді көтереді.

·        Үйретілген мысықтар, Үйретілген иттер. 

 

Фестивальге Қытай, Жапония, Қазақстан, Аргентина, Бразилия, Португалия, Испания, Италия, Ресей, Вьетнам, Беларусь, Өзбекстан, Украина, Армения, Тәжікстан, Якутия, Қырғызстан және Эфиопия сияқты әлемнің 18 елінен келген үздік әртістер қатысады. Олар өздерінің өнері мен кәсібилігін халықаралық қазылар алқасы мен көрермендердің алдында көрсетеді.

«Қазақ мемлекеттік циркінің» және «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» Бас қоюшы режиссері Марина Редько: «Біз көрермендер үшін жай ғана конкурстық бағдарлама емес, нағыз жанды, жоғары деңгейдегі заманауи цирк шоуын дайындадық. – бұл асқан батылдықтың, адамның абсолютті фантастикалық мүмкіндіктерін көрсетудің таңғажайып мерекесі болады. Биыл Фестивальға арнайы ерекше жарықтандыру шешімдерімен үйлесетін ұлттық этно-стильдегі жаңа эксклюзивті дизайнерлік костюмдер тігілді, бұл балалар мен ересектерге көптеген жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсерлер беретін түрлі-түсті шоудың есте қалатыны сөзсіз».

Алматылықтар мен оңтүстік астанамыздың қонақтары ұмытылмас шоуды, жоғары деңгейдегі шеберлікті, керемет батылдық және рекордтық трюктарды тамашалай алады!

Фестиваль аясында 24-28 шілде аралығында күн сайын сағат 16:00-де қойылым өтеді.

"ALMATY CIRCUS FESTIVAL" жеңімпаздары мен финалистерінің қатысуымен өтетін фестиваль бағдарламасы 2024 жылдың 25 тамызына дейін жалғасады. Әр демалыс күндері көрермендерге ұмытылмас қуаныш сыйлайтын қойылымдар өтеді.

Қойылымға билет арқылы кіреді. Билеттер цирк кассасында және Freedom Ticketon-да сатылады.

24.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 247
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 319
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 272
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 307

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4134
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3563
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5780
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4537
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5722