Алматы облысының спортшылары республикалық Кубокта жоғары нәтиже көрсетті

Алматы облысының спортшылары   республикалық   Кубокта жоғары   нәтиже көрсетті

Жуырда, Алматы қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы өтті.

Аталған байрақты бәсекеде облысымыздың спортшылары жоғары нәтижелер көрсетіп, облыстың мерейін үстем етті.

Жарысқа 20 командадан 500-ге жуық спортшы қатысып, жоғары деңгейдегі тартысты бәсекелер ұйымдастырылды.

12-13 мамыр аралығындағы грек-рим күресінде:

Данелов Мәди – 72 кг, І орын;

Жадыраев Демеу – 77 кг, І орын;

Камалиев Ербол – 60 кг, ІІ орын;

Қабдыл Бақытжан – 63 кг, ІІІ орын;

Төлебаев Альмир – 82 кг, ІІІ орын.

Нәтижесінде командалық есепте – Алматы облысы ІІ орынға ие болды.

14-15 мамыр аралығындағы әйелдер күресінде:

Шайшова Томирис – 65 кг, ІІ орын;

Дубек Тыныс – 62 кг, ІІ орын;

Седнева Марина – 53 кг, ІІІ орын.

Нәтижесінде, командалық есепте – Алматы облысы ІІІ орынға ие болды.

16-17 мамыр аралығындағы еркін күрестен:

Жұмаш Омар – 92  кг, І орын;

Касымбек Едіге – 125  кг, І орын;

Дастанбек Өсімжан – 65 кг, ІІІ орын;

Аскаров Адлан – 65 кг, ІІІ орын.

Осы ретте айта кетсек, Демеу Жадраев – еліміздегі беделді спортшылардың бірі. 36 жасында да бабынан таймай, мықтылығын дәлелдеп келеді. 

2024 жылғы Париж Олимпиадасында күміс жүлде иеленген саңлақ енді 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада алтын медаль жеңіп алуды мақсат етіп отыр.

Жалпы, бұл жарыстың қорытындысы бойынша облыс құрамасы:

Грек-рим күресінен– 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль;

Әйелдер күресінен – 2 күміс, 1 қола медаль;

Еркін күрестен – 2 алтын, 2 қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте II-орынға тұрақтады.

Спортшыларды жарысқа Қоныратов Боранбек Темірғалиевич бастаған жаттықтырушылар құрамы дайындады.

Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамын жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Сондай-ақ, республика көлеміндегі додада облыс намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларымызға алғыс пен құрмет білдіреміз!

Алдағы уақытта да спортшыларымыз тек облыс және ел көлемінде ғана емес, әлемдік ареналарда да ел намысын абыроймен қорғап, көк Туымызды желбіретіп, жеңіс тұғырынан көріне берсін! 

Әсем Фазылова,

Алматы облысы

20.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25299
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24797
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42229
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38082
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42570