Алматы халықаралық әуежайы «Мектепке жол» республикалық акциясына қолдау көрсетті

Алматы халықаралық әуежайы «Мектепке жол» республикалық акциясына қолдау көрсетті

2025 жылғы 27 тамызда Алматы халықаралық әуежайы жаңа оқу жылына дайындық барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған «Мектепке жол» республикалық акциясына кезекті рет демеушілік жасады.

Әлеуметтік бастама аясында әуежай өкілдері Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы мектеп оқушыларына материалдық көмек көрсетті. Әрбір балаға жаңа оқу жылына қажетті барлық құрал-жабдықтармен толықтырылған мектеп сөмкелері табысталды. Бұл игі іс-шара балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың білім алуға деген ынтасын арттыра түсті.

Алматы халықаралық әуежайы осы акцияның тұрақты демеушісі ретінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдауды жалғастырып, алдағы уақытта да қоғам игілігіне үлес қоса бермек.

 

28.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 68
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 68
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 70
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 63

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25149
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24667
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42089
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37953
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42421