Esentai Kinopark 11 Imax Esentai кинотеатрында қонақтарға арналған арнайы көрсетілімге үш жүзден астам адам қатысты. Алғашқы көрермендер түсірілім тобын жылы қабылдап, премьерамен құттықтады.
"София" қазақстан-түрік фильмі Төлепберген Байсақалов пен Дарья Дунич үшін толықметражды киноның режиссері ретіндегі дебюті.
Төлепберген Байсақалов фильмде басты рөлді сомдады. Түсірілім Түркияның Қара теңіз жағалауында және Қазақстанда өтті. Фильмге түрік актерлері Толга Чифтчи мен Илькай Кайку түсті.
"Бұл көруге тұрарлық тәрбиелік мәні бар адамның ішкі сезіміне әсер ететін оқиға. Фильмде істеген жұмысым мен үшін кәсіби тәжірибе. Қиындықтар болды, өйткені режиссерлік және актерлік жұмысты біріктіру оңай емес. Түркияда біздің кино тобымыздың үйлесімді жұмыс атқарғанын атап өткім келеді. Түсірілімге дейінгі жақсылап дайындалғанымыздың арқасында шаруаны жоспарланған мерзімге сәйкес орындай алдық", - деп атап өтті премьерада Төлепберген Байсақалов.
Түркияда түсірілім бір айға созылды. Одан кейінгі өңдеу жұмыстарын жүргізуге 3 ай уақыт қажет болды.Картинаның хронометражы 80 минут. Күзде картина Түркияда кең прокатқа шығарылады. Фильмнің фестивальға және прокатқа арналған версиялары бар.
"Бұл оңай фильм емес. Біз Төлепберген екеуіміз адамның ішкі жан дүниесіне үңіліп, жасына, алатын орнына , әлеуметтік жағдайына және ұлтына қарамастан адамдарды байланыстыратын қарым-қатынасты көрсетуге тырыстық. Адамгершілік- бұл біздің фильмнің өзегін құрайды және әзіліміздің түсінікті болғандығы біз үшін бір ғанибет. Бүгін премьерада көзіне жас алғандар да, күлгендер де болды, бұл керемет",- деді Дарья Дунич.
Фильмнің режиссері Төлепберген Байсақалов фильм сценарийін жазудың бастамашысы болды.
"Мен бастапқыда-ақ сценарийді режиссерге маневр болатындай етіп жаздым. Маған сценарист ретінде бұл маңызды. Сценарий бойынша жүргізілген жұмыс бұл режиссер Төлепберген Байсақаловпен тандем. Біз арасында бір нәрселерді өзгертіп, қысқарта алдық, фильмнің ритмі жылдамдау болды. Маған түсірген дүниеміз ұнайды", - деді сценарист Талғат Әбішев.
Кең прокатқа шыққанға дейін фильм түсірушілерге картина неліктен Канн және Венеция фестивальдерінде көрсетілмеді, дегендей негізсіз айыптар тағылған. Бұл картина мен кинематографистерді көргісі келгендердің қызығушылығын одан әрі арттыра түсті.
"София" фильмі Берлиндегі "Berlinale festival 74" халықаралық кинофестивалінде таныстырылды, Канн фестивалінде картинаның әлемдік премьерасы өтті. Сондай-ақ, 81-ші Венеция фестивалі аясында фильмнің прокат нұсқасы көрсетілді.
Актриса Яна Рай қазірдің өзінде жаңа жобаларда түсірілімдерге қатысуда, ол фильм түсірілімі кезінде көрермендер алдында үлкен жауапкершілікті сезінгенін атап өтті.
Линиялық продюсер Марина Берг үшін де бұл дебют.
"Командалармен жұмыс істеу қиын, бірақ қызықты деп айта аламын . Қазақстандық және түрік командаларын біріктіру қажет болды. Шауып бара жатқан аттарды тоқтату, судан өтуге арналған салды екі күнде жасау , локацияларды іздеу керек болды. Шаруа бастан асты. Дайындық пен түсірілім 24/7 бойы жүргізіліп жатты. Картинаның бүкіл командасы фильмге жанын салды, десе болады. Бұл біздің алғашқы жобамыз және біз оны жасай алғанымызды мақтан тұтамыз", – деп атап өтті Марина Берг.
Қазақстандық прокаттан кейін "София" комедиялық драмасын Орталық Азияның басқа елдерінің көрермендері тамашалайды.