Алматыда Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтардың рухы ұлықталады

Алматыда Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтардың рухы ұлықталады

22 маусым күні сағат 10:00-де Алматыдағы 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы саябақта Аза тұту және еске алу күніне арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Бұл күні Алматы тұрғындары мен қала қонақтары, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, дін қайраткерлері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Қарулы күштер ардагерлері одағының және интернационалист-ардагерлер ұйымдарының мүшелері Мәңгілік алау жанында бас қосады.

Жиналған қауым Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанды қорғау жолында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етеді.

22 маусым миллиондаған адамның өмірін жалмаған, тұтас ұрпақтардың тағдырын өзгерткен тарихтағы ең қасіретті күндердің бірі.

Мәңгілік алау жанындағы еске алу рәсімі Отан қорғаушыларына, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге, тылда тынымсыз еңбек еткен азаматтарға және адам төзгісіз қиындықтарды бастан кешіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан барша жандарға көрсетілген құрмет пен тағзымның белгісі болмақ.

Іс-шараға қатысушылар панфиловшылардың ерлігіне арналған мемориалдағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, сұрапыл соғыс құрбандарының рухын бір минут үнсіздікпен еске алады.

Сондай-ақ осы күні Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мешіттерде, православ және католик шіркеулерінде, сондай-ақ синагогаларда соғыс құрбандарын еске алу рәсімдері өтеді.

Бұл күні майданда қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен, қоршау мен басқыншылықтың қасіретін бастан кешкен жандардың рухына дұға бағышталады.

Аза тұту және еске алу күні – әртүрлі буын өкілдерін, сан алуан ұлт пен дін өкілдерін ортақ тарих пен тағзым аясында тоғыстыратын ерекше күн.

Бұл – үнсіздік пен құрметке толы, бейбіт өмірдің қадірін терең сезініп, оның қандай ауыр құрбандықпен келгенін жүрекпен ұғынатын сәт.

Іс-шара ұйымдастырушылары Алматы тұрғындарын 22 маусым күні өтетін еске алу шараларына қатысуға шақырады.

Бұл күні бейбіт өмір мен болашақ ұрпақтың азаттығы үшін жанын қиған боздақтардың рухына тағзым етіліп, олардың өлшеусіз ерлігі құрметпен еске алынады.

17.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25876
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25328
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42734
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38566
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43128