«Могул», «параллель могул» және «командалық параллель могул» бойынша юниорлар арасында фристайлдан FIS Әлем чемпионатының 1 және 2, 3 күндерінің нәтижелері бойынша пресс-релиз
Жарыс бағдарламасы:
• 7 қаңтар – могул
• 8 қаңтар – параллель могул
• 9 қаңтар – командалық параллель могул
• 10 қаңтар – шаңғы акробатикасы
• 11 қаңтар – командалық шаңғы акробатикасы
7 және 8 қаңтарда «могул» және «параллель могул» жарыстары өтті, 9 қаңтар командалық параллель могул жарысы, 10 қаңтар шаңғы акробатикасы, 11 қаңтар командаляқ шаңғы акробатикасы жарыстары өтеді.
3-ші жарыс күні «командалық параллель могул» бойынша Қазақстан командасы екінші орынды иеленді. Қазақстанның атынан: Кузнецова Виктория және Дегтярёв Алексей, Феклистова Юлия және Раструба Денис, Мокина Юлия және Коротков Даниил, Ларионова Анастасия және Ибрагимов Ильнар, Городко Анастасия және Русаков Семен шықты. Қазақстанның атынан шыққан жұптар: Пара Феклистова Юлия мен Раструба Денис тартысты жарыста командалық 2-орынды иеленді!
ҚР ҰҚК өкілі Анастасия Городко «могул» бойынша фристайлдан юниорлар әлем чемпионатында күміс медальды, ал «пареллель могул» бойынша алтын медальды жеңіп алды.
Анастасия – юниор қыздар арасындағы мықты спортшы. 2024 жылы Италиядағы Юниорлар Чемпионатында “могул” және “параллель могул” бойынша алтын және күміс медальдарды иеленді. Осы маусымда Әлем кубогы Кезеңдерінде бірнеше рет топ 10-дыққа кірді.
Қазақстан, АҚШ, Грузия, Франциядағы Әлем кубогы кезеңдерінде де ең мықты 10 қатысушы қатарында болды.
Қазіргі уақытта Әлем Кубогының жалпы рейтингінде 14-ші орында тұр.
2024 жылы Австриядағы ФИС Кубогында “параллель” және “жеке могул” бойынша 1-орын алды.
7 қаңтардағы жарыс есебі бойынша “Жеке могул” бағытындағы жеңімпаздар
Юниор ұлдар:
1. Nakahara Osuke (Жапония)
2. Crozet Leo (Франция)
3. Lee Yoonseung (Оңтүстік Корея)
Юниор қыздар:
1. Taguchi Yuma (Жапония)
2. Gorodko Anastassiya (Қазақстан)
3. Mise Kurea (Жапония)
8 қаңтардағы жарыс есебі бойынша “параллель могул” бағытындағы жеңімпаздар
Юниор ұлдар:
1. KROUPA Matyas
2. CROZET Leo
3. LAMEILLE Noe
Юниор қыздар:
1. Gorodko Anastassiya (Қазақстан)
2. CHAPDELAINE Reese
3. McLARNON Abby
“Командалық параллель могул” бойынша жеңімпаздар:
1. CHAPDELAINE Reese / COHEN Jiah
2. FEKLISTOVA Yuliya / RASTRUBA Denis
3. AYAD Anabel / LITTLEFIELD Chase