Алхимик Жәбір ибн Хайян

Алхимик Жәбір ибн Хайян

Мұсылмандардың алтын ғасырдағы ғылымның дамуына қосқан үлесі өлшеусіз. Сол дәуірдің ең көрнекті ғалымдарының бірі – Жәбір ибн Хайян. Көптеген зерттеушілер оны араб немесе мұсылман ғалымы деп атаса да, оның шығу тегі туралы деректерді зерттегенде Жәбір ибн Хайянның түркі текті екенін атап өту қажет. Ол 721 жылы қазіргі Иранның солтүстік-батысындағы Тус қаласында дәріханашы Хайян әл-Аздидің отбасында дүниеге келген. Тус қаласы – сол кездегі мәдени және ғылыми орталықтардың бірі, тарихта ол Омейя халифатының ықпалында болған аймақ еді.

 

Ғылым  жолындағы бастамасы

Жәбір ибн Хайян ғылымға балалық шағынан қызығушылық танытқан. Ол тек алхимия мен химияға ғана емес, математика, астрономия және медицина саласына да ерекше назар аударған. Евклидтің «Негіздеріне» және Птолемейдің «Альмагесіне» түсіндірмелер жазуы оның ғылыми әдіснамаға деген қызығушылығын көрсетеді. Сонымен қатар, «Астролябияны жасау кітабы», «Сәнді зидж», «Аспан шырақтарының орналасуы туралы кітап» сияқты еңбектері астрономия ғылымының дамуына зор үлес қосқан.

Медицина мен фармацевтикадағы қызметі белгілі дәрігер ретінде Жәбір ибн Хайян «У-лар мен у-ға қарсы дәрілер кітабы» және «Мейірімділік кітабы» сияқты еңбектер жазған. Бұл кітаптарда ол дәрі-дәрмек рецептілерін, у мен түрлі заттарға қарсы қолданылатын емдеу тәсілдерін сипаттаған. Ғалымның фармацевтикаға қосқан үлесі тек теориялық сипатта емес, тәжірибелік сипатқа да ие болды.

Алхимиядағы жаңашылдығы үшін Жәбір ибн Хайянды көбінесе алхимик ретінде таниды. Ол металдардың табиғатын зерттеп, олардың қасиеттерін түсіндіру үшін Аристотельдің төрт элемент теориясына сүйенгенімен, оны жетілдіріп, сынап-күкірт теориясын ұсынған.

Күкірт – жанғыштық принципін білдіреді.

Сынап – металдық принциптің негізі.

Жәбірдің пікірінше, жер қойнауында металдар баяу және біртіндеп түзіледі. Құрғақ булар күкіртті, ал ылғалды булар сынапты түзеді. Осы екі принциптің арақатынасына байланысты жеті негізгі металл пайда болады: мыс, қорғасын, темір, мырыш, алтын, күміс және сынап. Ал алтын тек ең таза күкірт пен сынап ең қолайлы қатынаста болғанда түзіледі. Ол сондай-ақ алтынның «пісіп-жетілуін» арнайы дәрілер арқылы жеделдетуге болатынын ұсынған.

 

Химиялық тәжірибелер мен жаңалықтары

Жәбір ибн Хайян түрлі химиялық операцияларды сипаттаған: ұшыру, еріту, айдау, кристалдандыру. Сондай-ақ ол химиялық заттарды зерттеген: купорос, квасц, сілтілер, нашатырь, сірке қышқылы, әлсіз азот қышқылы және қорғасын ақ бояуы. Ғалым ежелгі гректердің тұжырымдарын теріске шығарып, заттың ең ұсақ бөлшегіне дейін ажыратуға болатынын әрі бұл процесте орасан зор энергия бөлінетінін дәлелдеген.

«Жетпіс кітап» – энциклопедиялық еңбек

Жәбір ибн Хайянның ең маңызды еңбектерінің бірі – «Жетпіс кітап». Бұл еңбек теология, саясат және жаратылыстану мәселелеріне арналған 70 тараудан тұрады. Соңғы тарауларында ол металдар мен минералдар туралы нақты мәліметтер келтірген. Табиғаттағы әртүрлі заттардың қасиеттерін зерттеу арқылы Жәбір ғылымға терең талдау мен эксперименттік әдісті енгізген.

 

Ғылымға әсері

Жәбір ибн Хайянның еңбектері араб алхимиясында ғана емес, батыс еуропалық алхимияда да кеңінен қолданылған. Ол теориялық білім мен тәжірибелік зерттеулерді үйлестіріп, химия ғылымының негізін салушы ретінде танылды. Жәбірдің тәжірибелері мен трактаттары ғылымға жаңашылдық әкеліп, кейінгі ғалымдардың ізденістеріне жол ашты.

Жәбір ибн Хайян – тек алхимик немесе дәрігер ғана емес, ғылымға көп салалы үлес қосқан ойшыл тұлға. Оның зерттеулері мен жаңалықтары бүгінгі химия мен физика саласының дамуына іргелі негіз қалады. Түркі түп тегін сақтаған ғалым ретінде Жәбір ибн Хайянның есімі тарихта мәңгі сақталады.

Дайындаған – Салтанат БАКЕЕВА

18.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21645
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21423
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 36766
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34999
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 39027