«AMANAT» партиясы 45 мыңнан астам балаға жаңа оқу жылына қажет жиынтықтар табыстайды

 «AMANAT» партиясы 45 мыңнан астам балаға жаңа оқу жылына қажет жиынтықтар табыстайды
Игі дәстүр. «AMANAT» партиясы аз қамтылған отбасылардағы балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектеседі
«AMANAT» партиясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Баланы мектепке дайындайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын бастағанын хабарлайды.
Игі дәстүрге айналған акция «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында осымен 13-ші мәрте өткізіліп отыр. Оның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу.
Акцияға партияның Орталық аппараты мен өңірлік филиалдарының қызметкерлері, партия депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері және ұрпақ болашағына бей-жай қарай алмайтын қарапайым азаматтар қатысады. Ел аумағындағы 45 мыңнан астам бала аманаттықтардан жаңа оқу жылына арналған жиынтықтар алады деп жоспарланып отыр. Яғни, оларға мектеп формасы, оқулықтар мен кеңсе тауарлары салынған рюкзактар ұсынылады.
Айта кетейік, «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында алдағы бес жылда партия кемінде 1,2 млн ыңғайлы оқушы орнын құруды, сондай-ақ үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін толығымен шешуді көздейді. Жөндеуді және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, еліміздегі үш мың мектеп толықтай жетілдіруден өтеді.
Былтыр аманаттықтар 23 мыңнан астам отбасындағы 42 мың оқушыны мектеп формасымен, рюкзактармен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті.
«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі
25.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 83
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 78
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 83
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 277
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 273
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 894

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8972
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8366
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11592
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9350
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10576