«AMANAT» партиясының 40 күндік «Ауыл аманаты» ақпараттық марафоны аяқталды

«AMANAT» партиясының 40 күндік «Ауыл аманаты» ақпараттық марафоны аяқталды

 

Мобильді топтар 425 ауылда 250 мың адамды қамтыды

«AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырып келе жатқан«Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауқымды ақпараттық марафон аяқталды. Басты мақсат – ауыл тұрғындарына табысын, әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында шаруалардың өзара ұжымдасуы ауыл шаруашылығын дамытуғажол ашатынын атап өткен болатын.

«Біз осындай пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал, мал басы шамамен 25 пайызға көбейген. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оң тәжірибені бүкіл елге біртіндеп тарату қажет»,– деп атап өтті Президент.

«Ауыл аманаты» жобалық кеңсесі хатшылығының басшысы Нұркен Шарбиевтің айтуынша, ел тұрғындарының табысын арттыру мәселесін шешу «AMANAT» партиясының негізгі басымдықтарының бірі болып саналады.

«Ауылда 7,7 млн адам тұрады. Бұл халықтың жалпы санының 41%-ы. Былтырғы дерекке сәйкес, ауыл және қала тұрғындарының ақшалай табысының айырмашылығы 38%-ды құрайды. «Ауыл аманаты» жобасы осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді. Ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыруға көмектесуге тырысамыз. Жобаның мақсаты мен міндетін түсіндіру үшін кең ауқымды 40 күндік ақпараттық марафон өткіздік. Мобильді топ құрамындағы тренерлеріміз 28 шілде мен 10 қыркүйек аралығында республикадағы 179 ауданның 425 ауылы мен ауылдық округінде 250 мың азаматты қамтыған кездесулер өткізді», – деді ол.

Шығыс Қазақстан облысы Новопокровка ауылындағыМушахира Төлебаеваесімді көпбалалы ана жобаға үлкен үміт артып отыр.

«Жылыжай шаруашылығым бар.Онда қияр, қызанақ және тағы басқаны өсіреміз. Алайда биыл құрғақшылық болды.Жаңбыр жауған жоқ. Бақшаны ауыз сумен суарамыз. Су жинап жатқан кезде ауыл тұрғындары сусыз қалады.Жылыжайға үнемі күтім қажет болғандықтан, кейде тіпті ішерге су таппай қаламыз. Былтыр 520 мың теңгені құрайтын грант ұтып, сол қаражатқа тамшылатып суару таспасын сатып алдым. Кейін шағынконсервілі цех ашу идеясы пайда болып, тағы да грант ұттым.Арнайы бизнес-жоспар құрдым.Алайда қайда барып, кімнен не сұрау керектігін білмейсің. «Ауыл аманаты» жобасыарқылыкәсібімді әрі қарай дамыта аламын деп ойлаймын», – деді ол.

Партиялықтар атап өткендей, 2019 жылдан бастап табысты арттыру бағдарламасы жүзеге асырылып жатқан Жамбыл облысының оң тәжірибесі ауыл тұрғындарын бағдарламаға қатысуға ынталандыруы тиіс.Мәселен, осы өңірге республикалық бюджеттен 7,2 млрд теңге бөлінді. Жобаға қатысуға 11 ауылдық округ іріктелді. Осылайша, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 3 есеге қысқарып, аталған ауылдарда орташа айлық табыс мөлшері 1,7 есеге ұлғайды. Жұмыссыздар саны 36%-ға азайды. Микрокредиттер бойынша, 60 күннен астам мерзімі өткен төлемдер болмады.

«Бағдарлама адамдардың тұрақты табыс жолына түсуіне бағытталған. Біз ауыл тұрғындарына мамандануға көмектесеміз.Айталық, барлық жерде бірдей қызылша өсіру немесе ірі қара мал жаю мүмкін емес. Жамбыл өңірінде тұрғындардың 68%-ы атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатынан шықты. АӘК алуды жалғастыру немесе осы бағдарлама арқылы ақша таба бастау.Тұрғындар осындай таңдау жасап жатыр», – деп атап өтті партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев.

Мамандануға ауылдық округ әкімдері көмектеседі. Ол үшін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ауыл, ауылдық округ әкімдеріне және «AMANAT»-тың аумақтық филиалдарының атқарушы хатшыларына арнайы курстар өткізді. Халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласында 2346 адам білімін жетілдірді.

«Кооператив құру және өткізу тізбегін қалыптастыру бойынша тренингтер өткізілді. Адамдар жекелей жұмыс істей алатынын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативіне біріге алатынын түсіндірдік. Бұл қадам шығынды азайтады. Мысалы, жемді нарықтағы бағадан 40-50%-ғаарзан бағамен сатып алуға болады.Жер жырту, қоқыс шығару кезінде де арнайы техниканыңқызмет құны төмендейді. Кооперативтер техниканы лизингке оңай ала алады. Облыс әкімдіктері кооперативтерге кәсіби агрономдардың, ветеринарлардың, механизаторлар мен зоотехниктердің қатысуын қамтамасыз етеді», – деді жобалық кеңсе хатшылығы басшысының орынбасары Ақмарал Бекмұрзаева.

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ақтау ауылдық округінің әкімі Нұрсейіт Белгин алған білімін іс жүзінде қолданып үлгерді.

«Ауданымыздың әлеуетін, қандай өндірісті іске қоса алатынымызды айқындадық. Нәтижесінде, тұрғындардың бірі өз қаражатына таза ауыз су цехының құрылысын бастады. Жұмыс аяқталғаннан кейін ол облыс және жақын шетел тұрғындарын сапасы жоғары таза ауыз сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Өндіріс орны Ақтау ауылында тіркелді. Осылайша, ауылдың салық базасы кеңейеді. 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылады»,– деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл сәуірде«Халықтың табысын арттырудың2025 жылға дейін бағдарламасы» бекітілді. Ауыл тұрғындарының жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие алуына, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек алуына мүмкіндік пайда болады. Осы бағдарлама аясында партия Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда.

 

«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі
13.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 28
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 20
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 158
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 162
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 373
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 346
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 961

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9039
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8436
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11663
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9423
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10643