Аналар шеберліктерін арттырды

Аналар шеберліктерін арттырды

Қарашаның 23-жұлдызында Оралдағы «Отбасы» орталығында кондитерлік шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

Аналар үшін пайдалы бұл іс-шараға облысымызға танымал кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты, көптеген қайырымды істердің ұйытқысы болып жүрген Нұргүл Ашықова қолдау көрсетті. Шеберлік сабағына қатысқан аналар түрлі тәттілер пісірудің қыр-сырын үйренді. Сонымен қатар кәсіпкер шеберлік сабағын өткізуге өзінің асханасын тегін пайдалануға берді. Оралдықтарға танымал кондитер Камшат Бадаятова шеберлік сабағын жүргізіп, қатысқан 15 анаға тәтті тағамдарды дайындау жолдары туралы кеңінен түсіндіріп,  тәжірибе жүзінде көрсетті. 

Ұйымдастырушылар аналарға осындай мүмкіндік жасаған кәсіпкер, депутат Нұргүл Әжібайқызына және кондитер Кәмшат Калимоллақызына алғыс білдірді. Сондай-ақ жомарт жүректі кәсіп иесі Н.Ашықова волонтерлік қызмет көрсету бағытында облыс орталығындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға киім-кешек таратқанын да айта кеткен жөн.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
24.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 68
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 76
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 378
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 518

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18278
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18137
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33327
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31881
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35619