«Анаммен бірге кітап оқимын»

«Анаммен бірге кітап оқимын»

Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятатын, оң ықпал ететін ететін ең маңызды әрі басты институт ол – отбасы. Жастардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың нығаюына үлес қосуына бағытталған байқауға жалпы саны  54 жұп өтінім білдірген болатын. Олар ережеге сәйкес, 9 жазушының шығармасын оқып, одан алған әсерлері туралы бейнеролик түсіріп, жолдаулары тиіс болған.

. Барлық талаптарды орындаған жұптардың ішінен 10 жұп екінші кезеңге өтті. Екінші кезеңде анасы мен баласы не қызы бір біріне сырласу хатын жазды. Бүгін байқау қорытындысы шығарылып,әділқазылар алқасының шешімімен жүзден жүйрік шыққан жеңімпаз жұптар марапатталды. Оларға дипломдар мен қаржылай сыйақы ұсынылды. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтары табысталды.

Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастыру. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады.

Бұл жобаның түпкі мақсаты да осы болатын. Мақсат толық орындалды децге негіз бар. Бүгінгі жиында бұған баршаның көзі анық жетті. Қаншама көңіл толқыныстары орын алды, қаншама жүрек тебіренді. Бірнеше ана мен бала қуанды, бірнеше қазақ отбасында жылулық орнады.
Енді байқау нәтижесіне келсек, екінші кезеңге жолдама алған 10 қатысушының 5-еуі «Зерделі» номинациясына ие болды. Жүлде қоры-20 мың теңгеден. Олар: Назым Құдайберген анасы Арайлым Жүзбаева,
Диас Болат анасы Зауыткүл Байменова, Лаура Мұрат анасы Мира Жүнісбекова, Ақжан Қалтай анасы Әзиза Өскенбаева, Ернұр Қамбар анасы Гүлбайра Телбаева. ІІІ дәрежелі дипломмен Мерей Тұрсынбек анасы Айзат Көшкінбаева, Дина Маербек анасы Жанат Түменова марапатталса /жүлде қоры-75000теңгеден/, ІІ дәрежелі диплом Кәусар Қайыр мен анасы Гүлмира Ахмағамбетоваға және Аружан Байрақым мен апасы Сәуле Мұхамедрахымқызына /жүлде қоры-100000 теңгеден/ бұйырды. Топтан дара шыққан жұп Бекасыл Есіркеп пен анасы Эльмира Есіркепова /жүлде қоры-150000 т/ бас бәйгені қанжығаларына байлады. Сондай-ақ, байқаудың ең кішкентай қатысушысы Айханым Қайрат пен анасы Үміт Анарбаева арнайы жүлдеге лайық деп танылды.
Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

Қымбат Қаржауқызы,. «Анаға тағзым» орталығының «Інжу-маржан» әдеби үйірмесінің жетекшісі
28.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 90
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 199
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 417
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 380
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678