АӨК цифрландыру онан ары дамиды

АӨК цифрландыру онан ары дамиды

27 наурыз күні agro_press Instagram парақшасының тікелей эфирінде, АӨК цифрландыру барысныда атқарылған жұмыстар мен аладғы бағыттары туралы әңгіме өрбіді. Эфир тізгінінде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік қызметтерді дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Бекбашаев Сырым Қасымұлы болды. 

Біз тікелей эфирді бақыалй отырып, салада атқарылып жатқан шаруаларды жауапты адамның өз аузына естідік. Әрі көкейде жүрген кейбір сауалдарға жауап алуға тырыстық.  

-Соңғы жылдары салада ауыл шаруашылығын басқару мен мемлекеттік қолдаудың негіздерін электрондық форматқа ауыстыруға мүмкіндік беретін бірқатарнегігі цифрлық шешімдер енгізілді. Атап айтқанда министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында агроөнеркәсіптік кешенді цифрлық транформациялау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Осыған байланысты былтыр АӨК-ді 2027 жылға дейінгі цифрлық трансформация картасы бекітілді. Құжат төрт бағыт бойынша 144 негізгі бизнес процестерді қайта құруды қарастырады. Бұлар мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, жер ресурстары және балық шаруашылығы. 

Саладағы мемлекеттік басқарудың иімділігн арттыруда цифрлық жүйелер маңызды рөл атқарады. Осындай жүйелердің бірі мемлекеттік субсидиялау ақпараттық жүйесі. Оны енгізу субсидиялаудың 20 негізгі бағыты бойынша мемлекеттік қолдау шараларды ұсынуды толықтай цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығы саласындағы есепке алу процестерін автоматтандыру жануарлармен жұмыс жүргізудің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегіндегі эпизотиккалық ситуация жағдайларын жақсартуға ықпал етеді. Ауы шаруашылығы тауар өнідрушілерін мемлекетпен өзара іс-қимылын жеңілдетеді.

2025 жылы министрлікте бастаған басым жобалардың бірі- тұқымдарды және өсімдіктерді қадағалау құралдарын пайдаланудан бастап дайын өнімді сатуға дейін өндірістік цикльді қамтитын өсімдік шаруашылығын қадағалаудың ақпараттық жүйесін әзірлеу болып табылады. Ақпараттық жүйе сынақтардан сәтті өткізілгеннен кейін осы жылы Қазақстанның басқа өңірлеріне енгізілетін болады. Бұл елдің бүкіл аумағын және агроөнеркәсіп кешенін қатысуға мүмкіндік беретін болады. 

Осылайша қазіргі уақытта ауыл шаруашылығында  саласында жасанды интеллекті технологияларын қолдану және фрагменттік сипатқа ие AI цифрлық шешімдерді енгізу бөлегіндегі мемлекеттік қолдау негізінен ынталандырушы форматта жүзеге асырылуда,- деді Сырым Қасымұлы.

Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселесі 2012 жылдардан бастап маңызды жобалардың қатарына енді. Сол жылдары Үкіметте агроөнеркәсіп кешенін 2013-2020 жылдары дамыту салалық бағдарламасының жобасы талқалына мақұлданған еді. Мұнда қаржылық сауықтыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің АӨК субъектілері үшін қолжетімділігін арттыру, АӨК субъектілерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйелерін дамыту, сондай-ақ АӨК-тің мемлекеттік қадағалау жүйелерінің тиімділігін арттыру сынды бірнеше негізгі бағыттар аясында жұмыстар жүргізу қарастырылған болатын. Мұндай жобалар мен Үкіметтің қатысты шешімдері осы жылдар аралығында өз жемісін берді деуге болады.

Соңғы жылдары агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру мәселесі мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналды. Бұл жұмыстар негізінен 2021–2030 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы және «Цифрлық Қазақстан» бағыты аясында жүзеге асырылуда.

Осыған орай ауыл шаруашылығ саласында бірыңғай цифрлық платформаларды енгізу, мемлекеттік қызметтерді толық онлайн форматқа көшіру, қаржыландыру мен несиелеуді цифрландыру, ақпараттық жүйелер мен деректер базаларын интеграциялау,  смарт-агро технологияларды енгізу жақтарында қыруар жұмыстар атқарылып, шаурауалар игілігіне жарай бастады. 

Сала мамандарының айтуынша еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ісі бұдан ары қаарй да дами түсетін болмақ. Мұнда өнім дайындаудан тарытп дайын өнімдерді нарыққа шығару және мемлекеттің стратегиялық шешімдеріні барлығы да тұтастай цифрлық жүйемен және жасанды интеллект жүйелерінің қатысуы көзделген. Ол өз кезегінде шаураларыдң жұмысын барынша оңтайландырып, дайын ауыш шауаршылығы өнідерін нарыққа шығару ісіне айтарлықтай өзгеріс әкелетін болады.

Ерқазы Сейтқали 

фото ғаламтордан алынды

 

28.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

КӨКБӨРІ
- 09.04.2026 306

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24578
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24243
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41691
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37580
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41963