Халықаралық балаларды қорғау күнінде балаларды қуанышқа бөлеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлаудан медицина қызметкерлері де шет қалмады. Мұның бір дәлелі Жамбыл аудандық орталық ауруханасына қарасты медициналық мекемелерде өткен мерекелік іс-шаралар.
Балаларды шаттыққа бөлеп, қуантуда барын салған ақ халаттылар балғындармен балаша қуанып, олармен бірге қызықты ойындар ойнап, сурет салып, боямақты бірге бояп, түрлі сайыстар ұйымдастырып, денсаулық жағдайларын тексеріп, барынша мейірімге бөледі. Сайқымазақ сынды өзгеде кейіпкерлермен мерекенің көркі айшықтала түсті.
Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мерекелік шара соңында балақайларға түрлі сыйлықтар, тәттілер мен балмұздақтар таратылды.