Ақермен ауылында қолдау тапқан жоба

Ақермен ауылында қолдау тапқан жоба

2019 жылы қанатқақты жоба ретінде бастау алған «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және жер телімдерін пайдалану мен мал шаруашылығын дамытуға жаңа мүмкіндіктер беріп, аз уақытта тиімділігін дәлелдеді. Жарқын жоба алғашқы жылы Сұрат ауылдық округінде жүзеге асырылып, тұрғындардың табысын арттырып, тұрмысын жақсартты. 2022 жылдың күзінен бастап жобаға Ақермен ауылдық округі енгізіліп, жоспарға сай кешенді жұмыстар басталып та кетті.

Жалпы Ақермен ауылдық округінде 441 аула болса, онда 2 412 тұрғын тату-тәтті тіршілік кешуде. Жобаны іске асыру мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 118 ауыл тұрғыны несие алып, кәсіп бастауға ниетті екенін білдірді. Жоба шеңберінде қаралған қаржы – 526 119 мың теңге. Ал ауыл тұрғындарынан 116 құжат тапсырылып, қажетті несие сомасы 747 850 мың теңгені құрап отыр.

Жобаның бірінші бағыты (үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану) бойынша 419 ауладағы 40 гектар жерді игеру жоспарлануда. Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану үшін 5 496 мың теңге қажет. Қаражатты округ аумағындағы жердің сортаң болуына байланысты тыңайтқыш, тұқым алуға жұмсау көзделуде. Сонымен қатар округ бойынша ағын судың тапшылығына байланысты үй іргесіндегі жерлерді суару мәселесін шешу үшін әр тұрғынның ауласына жеке кәсіпкермен келісе отырып арзандатылған бағамен құдық қазу жұмыстары жүргізіледі. Несие қаражатын алу үшін кепілдікке қоятын нысан анықталып, бағалау қорытындысы алынған. Қазіргі уақытта жобаның бірінші және үшінші бағыттары бойынша құжаттар рәсімделуде. 

Сонымен қатар жоба аясында ауылдық округтегі мал саны өседі деп күтілуде. Бүгінде ауылдық округте 1 570 мүйізді ірі қара, 16 169 қой мен ешкі, 617 жылқы, 3 177 құс тіркелген. Сауалнама жүргізу барысында 113 ауыл тұрғыны 275 мүйізді ірі қара, 3 300 қой, 75 сауынды бие, 189 бұқашық, 1500 тауық сатып алуға ниет білдірді. Мал шаруашылығын дамытуға 349 миллион қажет. Несие алынған соң, мал басының өсуіне орай жайылым тапшылығын реттеу үшін «МАТЗ» акционерлік қоғамынан 500 гектар жайылым жерін пайдалану үшін келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ төрт түлікті орман шаруашылығының таудағы және құмдағы жерлеріне шығару жұмыстары жүргізілуде. 

Үшінші бағыт шеңберінде «Ақермен - Бірлік» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, әділет органдарында тіркеуден өтті. «Ілияс» шаруа қожалығының басшысы Ербол Бөршеков кооперативтің төрағасы болып тағайындалды. Аталған шаруа қожалық егістік егумен айналысады. 460 гектар жері, 4 комбайн, 4 жүк көлігі, 5 трактор, егін егуге қажетті басқа да ауылшаруашылық техникалары бар. 

Ауыл тұрғындарының иелігінде егістік жердің жоқ болуына орай қосымша жер алуға «Меркі асылтұқымды зауыты» акционерлік қоғамынан 1 000 гектар тәлімдік егістік жерді ақысыз жалға алу үшін келіссөздер жүргізілді. 

Ал ауылшаруашылық кооперативін жабдықтау бойынша 10 техникаға өтінім берілді. Техниканы сатып алу үшін несие 5 пайыз мөлшерлемемен есептелген. Оның 2,5 пайызын мемлекет тарапынан қаржыландыру қарастырылған. Лизингке қажетті құжаттары «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына тапсырылды. 

Бесінші бағыт бойынша 2 ауыл тұрғыны өз кәсібін ашуға ниет білдіруде. Яғни алдағы уақытта 1 наубайхана, 1 тротуар плитасын шығаратын цех, 1 жылыжай ашылатын болады.

Бүгінгі күнге 116 тұрғынның құжаты «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына тапсырылды. Құжат бойынша несие сомасы – 747 миллион 850 мың теңге. 12 тұрғынға несие беру мақұлданып, 2 тұрғын қажетті сомасын қолына алды.

Аптаның соңына дейін 10 тұрғынның несиесі есепшоттарына түседі деп жоспарлануда. 

Одан бөлек ауылдың біршама тұрғындары кепілдікке қоятын жылжымайтын мүліктердің құжаттарын рәсімдеуде. 

Осылайша «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы ақермендіктердің ел ырысын тасытып, еңбектің тайқазанын қайнатуына мол мүмкіндіктер ашуда.

 

ЖАСҰЛАН СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
21.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 110
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 307
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 301
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 923

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8997
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8392
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11617
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9375
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10601