Бүгін Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы, облыстық ақпараттық топтың жетекшісі Махметғали Сарыбеков бастаған топ Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Жолдауын түсіндіру бойынша Талас ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жиынға аудан әкімі Қанатбек Мәдібек, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Кенжебек Олжабай, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры Ағыбай Байтуреев, облыстық “Арай” газетінің Бас редакторы Біржан Сөктай және аудан тұрғындары қатысты.
Топ мүшелері жолдауда айқындалған бірқатар маңызды мәселе бойынша ой өрбітіп, жиналысқа қатысқан азаматтардың ұсыныс пікірлерін тыңдады. Жиын соңында аудан тұрғындары Мемлекет басшысының бастамаларын қолдайтындығын жеткізді.