Есет батыр Көкіұлының 355 жылдығы қарсаңында Ақтөбе облысында Алға ауданы Бестамақ ауылының маңында орналасқан ұлы қолбасшының кесенесі мен қорымына жол салынды.
Аталмыш жұмыстар облыс әкіміЕралы Тоғжановтың тапсырмасы бойыншадемеушілік қаражатты тарта отырыпорындалды. Ұзындығы 4,1 шақырым жолдыасфальттау жұмыстары "Сине Мидас Строй" БК” ЖШС-мен жүзеге асырылды.
Бүгін облыс әкімі жолды қарап шығып, қысқа мерзімде сапалы жөндеу жүргізгені үшін құрылыс-жол компаниясының өкілдеріне алғыс білдірді.
Айта кетейік, 7-8 қазан күндері Ақтөбеоблысында Есет батыр Көкіұлының 355 жылдығына арналған ауқымды шараларбасталады. Ақтөбеде театрландырылғанқойылымдардан, концерттік бағдарламаларданбасқа ұлттық спорт түрлері бойыншажарыстар, оның ішінде аламан бәйге өтеді, бас жүлдеге автокөлік қойылды.
Сонымен қатар аймақ басшысы 41-разъезд ауданындағы "Оңтүстік айналма жол" автожолы мен "Ақтөбе-Қандыағаш" тасжолының қайта жөнделу барысымен танысты. Мердігерлік ұйымдардың алдына ағымдағыжылдың қазан айының соңына дейінжұмыстарды аяқтап, көліктер қозғалысы үшінжолдың бір бөлігін ашу міндеті қойылды. Естеріңізге сала кетейік, "Оңтүстік айналмажол" және "Ақтөбе-Қандыағаш" автомагистральдары қайта жаңартудан кейінтөрт жолақты болады. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады.