Ақтөбе облысының әкімдігінде білім беруді дамыту Тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы қаралды

Ақтөбе облысының әкімдігінде білім беруді дамыту Тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы қаралды

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиында Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған білім беруді дамытудың тұжырымдамасының Ақтөбе облысында жүзеге асырылу барысы қаралды.  

Тұжырымдама мектепке дейінгі, орта, кәсіптік білім беруді дамытудың 4 бағытынан тұрады.

Ақтөбе облысында Тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында 2026 жылға дейін 2,7 млрд. теңгеге мектептерді типтік спорттық құрал-жабдықтармен және инвентарлармен толық жабдықтау, 2,5 млрд теңге сомасында балабақшалардың материалдық-техникалық базасын жаңарту, сондай-ақ, барлық ауыл мектептерін жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілетін болады. Қазіргі таңда облыстың 19 ауылдық мектебінде (7%) интернет жылдамдығы 4 Мбит/с-қа дейін жетеді. 

Фостерлік отбасы институтын енгізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, жыл сайын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны күрт азайып келеді. Тәуелсіздік жылдарында Ақтөбе облысында осы санаттағы балалар саны 58%-ға азайған. 

Инклюзивтік білім беруге жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта кедергісіз орта қалыптастыру үшін балабақшаларда 23 арнайы түзетім топтары, ал 12 мектепте инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша ресурстық кабинеттер ашылады, 600 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Сонымен қатар, Тұжырымдама аясында мұғалімдердің кәсіби және мәдени капиталын арттыру, тең бастапқы мүмкіндіктер жасау, орта білім беру жүйесі арқылы саналы және жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру, жастарды білім мен еңбек нарығына интеграциялау мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. 

Облыс басшысы білім басқармасына барлық бағыттағы жұмысты күшейтіп, бақылауға алуды тапсырды. 

Жиында басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Оксана Сопрун Мәртөк ауданының Қаратоғай ауылы және Қобда ауданының Сарыбұлақ ауылындағы су тасқыны шайып кеткен көпірлерді қалпына келтіру шаралары туралы баяндады. Қазір өткелдер уақытша қалпына келтірілді. Сарыбұлақ ауылындағы көпірді өткізу қабілетін арттыра отырып қалпына келтіру елді мекенге баратын жолды орташа жөндеу жобасы аясында жоспарлануда. Қазіргі уақытта жоба сараптамадан өтуде. Қаратоғай ауылының көпірі демеушілік қаражатын тарту арқылы қалпына келтіріледі. Өткелді 1,5 метрге көтеріп, мұз қабаттарының еркін өтуі үшін 20 метрлік аралық жасау жоспарлануда. Қазіргі таңда есеп жұмыстары жүргізілуде.

Қала аумағын абаттандыру және жолдарды жөндеу мәселелері күн тәртібінен түспейді. Жиын барысында қала әкімдігі мен Алматы және Астана аудандарының әкімдіктеріне көпқабатты үйлердің аулаларын тез арада тиісті санитарлық жағдайға келтіруді тапсырды. Ал облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына үш күннің ішінде «Оңтүстік айналма» жолдың Елек өзені арқылы өтетін көпірден Сүт зауыты (ГМЗ) ауданына дейінгі аумағында және «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» тас жолында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
31.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 133
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 37
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 43
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 133
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 323
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 316
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 940

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9013
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8409
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11634
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9392
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10619