Мемлекет басшысының Жарлығымен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды. Бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарған Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу Ақтөбе қаласына келіп, Ақтөбе облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты. Үкімет басшысы депутаттарға ҚР Президентінің облыс әкімі қызметіне Ералы Тоғжанов пен Асхат Шахаровтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 160 депутаттың 104-і Е. Тоғжановтың кандидатурасына дауыс берді, ал 56-сы А. Шахаровты таңдады.