Ақтөбеде Жеңіс күні аталып өтілді

Ақтөбеде Жеңіс күні аталып өтілді

Бүгін, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай Ақтөбе қаласындағы Даңқ аллеясы мен Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, қала әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен құқық қорғау органдарының басшылары, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, еңбек ардагерлері, жастар, қала тұрғындары қатысты. Шараға қатысушылар ең алдымен соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Бұдан өзге облыстың барлық аудандарындағы мемориалдық кешендер мен ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Қаладағы Тұңғыш Президент атындағы саябақта, «Мәңгілік алау», Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешені алаңдарында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов, облыс әкімінің орынбасарлары Бұлбұл Елеусінова, Ермек Кенжеханұлы, Жақсығали Иманқұлов, қала әкімі Асхат Шахаров Ұлы Отан соғысының ардагерлері Сатылған Бекмағамбетов, Ғизат Тухтабаев, Ажар Уразгалиева, Борис Конюшенко, Вера Лоткованың үйіне барды.

Соғыс ардагерлеріне облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің құттықтауын жеткізіп, сый-құрмет көрсетті.

 



09.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5695
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5841
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20817
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19440
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22905