Шынжаң Өнеркәсіп иниститутын тауысқан. 1997 - жылы елге оралған. Үзақ жылдар Қытайда шығатын "Мектеп дене тәрбиесі" журналында қызмет еткен. "Жыр - мұнара" жинағы жарық көрген. "Адуынгер", "Мезгіл әуендері" бірлескен жинақтарға өлеңдері енген. Ел іші және халықаралық мүшәйралардың жеңімпазы.
Қызыл көйлек
Жазушы , тарихшы Тұрсынхан Зәкен ұлының<Көгжалдардың көз жасы >романынан эпизод)
Кең дала көз алдыда дөңгелеген ,
Сағынсаң кезі барма емдемеген.
Төсінде осы дала не көрмеді ,
Өмірде жұмыр басты пенде деген.
Жүр біреу жайбарақат тамашалап ,
Жүр біреу құлқын қуып нан асамақ .
Қыршынын қиды біреу бұл жер үшін ,
Арманы кетті ұстатпай алашолақ .
Қолтуған сондай жанның біреуі еді ,
Атақты Күшлік ханның тіреуі еді.
Бөзәр сатқын Шыңғысқа ұстап берді.
Амал не содан халі жүдеу еді .
Ажырғы мойынында ,қолда кісен ,
Жайпайтын жан еді мол бойда күші ең!
Даланың көкжалы еді үш ұйқтаса ,
Оилаппа- ед былайша деп қолға түсем.
Арбамен кележатыр сықырлаған ,
Таныс жер, таныс аймақ .шұқыр далаң .
Тік тұрып баражатыр өр өлімге ,
Жан еді жауына да тұқырмаған.
Алыс жол .
апталық па ,айшылық па?
Толды әне — жолға шыққан, ай сынықта .
Қадірін сезе алмайсың туған жердің ,
Жүргенде еркіндікте ,жайшылықта .
Мөлдір су ,салқын самал ,саумал ауа,
Көрініс көрсең — көркем, жұтсаң — дауа.
Қимастық сезімбе екен о,дәриға- ай!
бәр- бәріне береді көңіл ауа.
Әне,Алтай !
Алтайым ғой ,алтыным- ай !
Сая болған халқыма салқыным- ай!
Садағаң боп кетейін беу,туған жер!
Жаным соған жараса жарқыным-ай!-
Деп Қолтуған көз жасын сығып алды .
Ерлік деген биікке шығып алды .
Дайын болды бәріне ,бәріне де ,
Үрей деген қорқақты жығып алды.
Орхон жатыр алдыда тасып ағып ,
Күтпейді ,оны мұнда асыға құт ,
Маңғұлдар алдан шығып салып кетті ,
Деп оның тастау керек басын алып .
Қатулы кележатқан қас-қабағы ,
Амал не ,қайран батыр,жасқанады .
Құланның құдықтағы құлағында,
Қалмақтар құрбақадай мастанады .
Ха,ха,ха,ха!- деп басты лаңға тың ,
— ертең саған оқылар құран - қатым ,
Ерлігіңді көрейік жолыққанда ,
Өзің сүйген алдыңнан Құлан хатун!
Құлан рас Меркіттің аруы еді ,
Мен- мен деген жігіттің зәруі еді .
Қолы жетпей қалып-ед Қолтуғанның ,
Сертке ұстар семсері ,қаруы еді .
Шыңғыс ханның хатұны ,сүйіктісі,
Көп қатынның бірі емес,
иықтысы.
Әттең тонның келтесі-ай! демегенде
Жауға берер жан ба еді қиып кісі.
Мұнара көзге түсті биік - биік,
Құланды жұрген сырттай күйіп ,сүйіп .
Қайдан білген бұл қулар сол жараның ,
Ауызына кетеді тійіп- тиіп.
Алдан шығып бұларды тосып алар ,
Қарабалық қаласы осы болар.
Тоғыз құйрық ту тіккен әппақ орда ,
Үлкен ұлы қағанның Жошы болар.
Орданың маңайында қалың ақ үй ,
Киінген қыз- жігіттер жібек шағи ,
— Күшлік пе ,Қолтуған ба ?- деп сұрайды.
Батыры Сүбідейден мынау әби*
Ордаға жақын келіп тоқтады арба .
Береді мұнда жауап жоқ пен барға.
Аяғын кісен қиған ер Қолтуған ,
Теңселіп жүріп келед әрең зорға.
Ал ,іште Жошы хан жүр байыздамай ,
Кеткенін таба алмай жүр қай із, қалай ?
Әкесі Қолтуғанды жау санайды ,
Өткенді салмақтамай ,пайздамай.
**********
Меркіт пен Маңғол ,Маңғол мен Меркіт жауласып ,
Барымта алып ,мал шауып жүрді тауды асып ,
Тыныштық бермей қысы-жаз бірі-біріне ,
Шөлдерді ендеп ,Өзендер кешіп,Бау басып .
Түссе де өмір алыс пен жұлыс ,Ырғаңға ,
Мөлдіреп көздер ,Сылдырап сырға тұрғанда ,
Жауынгер жастар жауымен ғана күресіп ,
Айталар кімдер жүрді деп мүлде бір қамда.
Ұмытпайды олар ,құныттайды олар сезімді ,
Жатпайды таңдап ,Күндіз бе ,Түн бе кезіңді .
Шалқыған шағың ,Балқыған шағың бар шығар ,
Беу ,Оқырман ,сенің де жұмып көзіңді .
Қолтуғанның атасы Шілдеу жасында ,
Уәлімжүнді жүріпті ертіп қасында ,
Қас сұлу екен жүректі дір еткізер ,
Кез бопты бір күн ,екеуі мын -дай тосынға :
Ясуки деген шауыпты Маңғол Меркітті.
Бет келе алмапты ,Меркіттен оған ер тіпті .
Аспанға даңқын Ясукидің ұшырып ,
Әкетіпті Батпырауықша жел тіпті .
Кетіпті Ясу… ісініп ,Тіпті кебініп ,
Ынсабын жепті ,Тауысып мүлде жегі үміт.
Уәлімжүнді қырғидай іліп кетіпті ,
Астындағы қарақасқаны тебініп.
Сол уәлімжүн анасы осы Шыңғыстың ,
Шақ келер емес, Шыңғысқа бүгін мұнда ішкім!
Балапан ғана таниды ата-анасын,
Аумайтұғын ішінен анау мың құстың .
………………………………………………..
Ат тұяғы дүбірлетіп жататын шақ жер төсін ,
Біреудің бұлап кететін кез ,біреу келіп еркесін.
Меркіттен шыққан тоқтаубек батыр ,анасы болар Уәлі үшін,
Шыңғысханның қойнында жатқан ,кетіпті бұлап Бөртесін.
Арада зулап тоқтаусыз жатқан күндер мен апта ,ай өтіп,
Тозбады дерсің қай тебінгі,тозбады дерсің қай етік.
Бөртені Шыңғыс,айланып келіп ,қайтадан тартып әкетті,
Намысын қорғап ,көңілін күпті,ойлардан ойран жәй етіп.
Меркіт пен Маңғол жауласқан .
жау да ,дос анық.
Ит жығыс түсіп жүрген шақ еді қос алып.
Бөртені алып әкелген күні қайтадан,
Бір ұлға қалған сол Бөрте ханым босанып.
Жошы деп қойды моңғұлдар оны ырымдап .
Олжабай болар ,қазақша қойған құлынға ат.
Меркіттердің ішінде Бөрте жүргенде,
Тоқтаубек батыр жүріпті оған қырындап.
Осының бәрін өткізді Жошы електен ,
Тоқтаубектің ұлы екем- ау демек мен.
Ал,
— Шыңғысхан Шілдеуден келсе ілесіп ,
Меркіт болып,қалмаймыз ба кенеттен?
…………………………………………………
Осы терең ойларға шомып кеткенде сырттан жасауыл,
Кіріп келіп желекті сары найзасын сүйреп басы ауыр.
— Хан ием,сізге әкелдік деді Қолтуған деген тұтқынды ?
— Кірсін!- деді отырып ,таққа паңдана сөйлеп асау ұл.
Қолтуған кірді сенделе басып,
Жасауылдар желкелеп .
Оттай жанған қос жанары — көрген жанды өртемек.
Өңменінен өтіп кетті тақта отырған Жошының,
Беу,тағдыр-ай ! Болса інісі келер еді еркелеп.
Жанарын қадап Жошы да тұрды ,
Қолтуған да көп тұрды.
Қолтуғанды жасауылдар қылтадан ұрып шөктірді.
Сонда да алмай Жошыдан көзін қалыпты мүлде қадалып ,
Тайсақтап қалды.деп Жошы хан:
— жанары қандай өткір- ді .
—Шығыңдар!-деді.
Жасауылдарға Жошы хан беріп бұйрықты.
Жөнелді шыға ол байқұстар бұтына қысып құйрықты.
Орнынан тұрып ,ар-бері жүріп ,ойланып біраз алған соң,
Қолтуғанға кеп ,жүрегі жібіп былайша деп құйғытты:
Қан демесе кімнің күйін ,орындайды шертіп кім?
Айта алмады Жошы ,бірақ,ағаң -ем деп ,меркітпін.
Қолтуғанның басын алса жер бетінен рухы,
Сөнгелі тұр Шыңғысханмен тайталасқан Меркіттің.
Осы істі таразылап Жошы батыр талдайды.
Жеңдік дер-ау жауды тұтас, алайда өзін алдайды .
Еркіндікті ту ететін Тоқтаубектең тұқымы
—тұздай құрып ,тігерге ертең бір де тұяқ қалмайды .
Таптым сөзді десе керек тұтқын үшін нанымды:
— Әкеме айтып алып қалсам
дем- ем сенің жаныңды.
— Жоқ ,Керек жоқ.әуре болма,
Сенің әкең мен білген,
Кісі болса судай шашпай тынбас менің қанымды.
— неге -?
— .неге екенін менсіз де өзің білесің.
Шынымен де Тоқтаубек пен Қолтуғандай бұл есім —
Түн баласы түсін бұзып оятса, Ал майданда мергендікпен ұшыратын Шыңғысханның зәресін.
— Жошы деді сәлден кейін :
— өміріме түспей-ақ қой араша.
Өтінішім:ажырғыңды ал,қолымды шеш жараса.
Мен бір нәрсе көрсетемін өзіңе,деп күйбеңдеп,
Ішжағынан алып шықты,шұбатылған бір затты.
Көйлек екен қараса.
— бұл не деді ?—
Жошы жұлып алғандай.
— Махаббат қой !
—Тәтті зат ол .
тәтті болса бал қандай !—
Деді Қолту… ізгілік пен жауыздықтың адамға,
Беретуғын зор парықын Жошы есіне салғандай
Сенің әжең Уәлімжүннің көйлегі екен сүйікті .
Менің атам Шілдеуге ол қалыңдық боп жүрген кезде киіпті.
Көзі түсіп мөлдіреген сол Уәлімжүн сұлуға,
Сенің атаң Ясуки ,бақадұр, Меркіттерге жау боп келіп тиіпті.
— Қайтем енді ! Ардақтым- ең , қадірлім -ең,салмақтым,
Беті жаман жау боп шапқан бұл қарақшы қалмақтың.
Мертқып жүрер біреумізді ,шабар тұтас Меркітті ,
Басқа жол жоқ ,амалсыздан осы жолға бармақпын.
Тағдыр шығар жолдарымыз қалды біздің қиыс кеп,
Емес сынды арманымыз бір нүктеде түйіспек.
Мынау менің көйлегім-ед сіңген тұтас иісім,
Сағынғанда жүрерсің сен бұл көйлекті иіскеп.
— Күйме сайын қыз кезігер,
Күрке сайын бір қатын,
Не кездеспес , төрт мүшесі сау болғанда құлға тың ,
Соның бірін Уәлім еді ,
Деп атап жүр ішіңнен,
Соны да мен , медет көрем аталғандай жырда атым,-
Деп Уәлімжүн Шілдеуіне қызыл көйлек ұсынды .
Алса ма екен,алмаса ма? Шіледу қатты қысылды.
— Жаным құрбан жарым үшін,
Дерсің ,бірақ ,оқырман,
Ал еліңнің амандығы басар бірақ мысыңды.
Бұл арада Уәлімжүн де Шілдеу де ойлап Меркітті ,
Балдай тәтті махаббаттан ,
шегірткедей шертіпті.
Өлерінде Тоқтаубекке бұл көйлегін Уәлімнің,
Тапсырыпты аман алып қалып- ед,- деп Меркітті.
Қайсы әке ішке тартпас өлерінде жақсы ұлды .
Тоқтаубек те бұл көйлекті
Қолтуғанға тапсырды.
Ал , Қолтуған тапсырарға адам таппай Меркіттен
Таңдап отыр шарасыздан алдындағы ,тақсыр !-ды .
Махаббаттың симолы екен осы көйлек кезінде,
Мен де өлем қалсын ,тақсыр! мұра болып өзіңде!
Маңғол жеңді ,меркіт біткен тұтасымен қырылды,
Сақта ,өтінем , бұл көйлекті
сол әжеңнің көзіндей.
Қалды Жошы аңтарылып, мең - зең болып аңырып .
Сүйегіне шапқан жанды кетер ертең қан ұрып .
Шешілгендей көп түйткілдер, ашылғандай тұтас сыр ,
— Жарар еді өкініштен қалмағанда сан ұрып.
— Тұрсын ,-деді .көп ойланып ,
жәйді Жошы байқаған.
Осыншама күрделі іске қатқан басын шайқаған .
— Мен жаныңды алып қалам,
Әкеме айтып қаласаң,-
Деп Қолтуды бақылады сөзін айтып қайтадан.
Екеуінің арасында тағы орнады тыныштық.
Арпалысқан ауыр ойдан алды Жошы тыныс қып.
— Бір өтініш : өміріңді мұнан кейін осында ,
қаған ием үшін өткіз тек қалтқысыз жұмыс қып.
Қайсар Қолту… көнбеді оған,
басын үнсіз шайқады.
Жүйрік Жошы қимылынан бірден оны байқады .
— Кешірерсің ! мен қызымет ете алмаймын әкеңе ,
Өмір бойы қарысымын деген сөзді айтады.
— Мейлің онда ,қызымет қып, оған терді төкпесең ,
Деп ойласаң жауығуда жауапсыз көп кетті есем.
Менің келіп қол астымда әйтеу тірі жүребер ,
Деп ұсынсам үміттенем артпассың деп өкпе сен.
Мұны естіп қолтуғанның қалды тілі байланып,
Көзін алып ,төмен қарап отырды ол айланып.
Жошы айтты мына сәтті пайдаланып Қолтуға:
— Ендеше сен қағанға бар !
жерде қалмас талабым,—
Деп бір хатты жазбақ болды әбігер боп ,сайланып.
Жалт бұрылып кісідей боп ,
қалған тіптен шошына.
—Хан алдында кімсің?-деді сынай қарап Жошыға.
— Мұрагермін хан тағына,
оның ұлкен ұлымын,-
Деген жауап берді Жошы сұрауға әлгі асыға.
Қара мұның таңдайының қалуына тақ ете,
Ұлы екен - мыс, деп мырс етіп күлді Қолту кекете .
Бұл күлкінің астарында не жатқанын түсінді .
Бәрін сезді.сөйтсе дағы неге күлдің дегені жоқ шәпете.
Бүгін ғана шыққан жоқпа,
Жіптің ұшы ,тың белгі,
Кімге өкпелеп ,жазғыраалар бұл үшін ол кімдерді.
Өмірге адам келерінде
білмес кім боп келерін.
Жазылмыш қой бұған дейін Моңғол болып күн көрді.
Сабырлы еді Жошы батыр сабырлы болса біркісі.
Жанға батты Қолтуғанның кеңкілдеген күлкісі.
Өзегін бір өрт шалса да ,
Әкесіне хат жазды .
Булығудан қатты өзгеріп
кетті оның түр- түсі.
Былай деді әкесіне кішілікпен ,ізетпен:
— Өткен өтті ,
кеткен кетті,
ала алмаспын түзеп мен.
Қолтуғанға бір жақсылық жасасам деп өмірде,
Ұшбу хатты мың айламен ,
Жазды абайлап жүз еппен.
— Әке ,- депті ол.
— Мынау сенің ата жауың аңдысқан .
Қарашы оған қолға түсіп, сүмірейіп қан құсқан .
Қол астында жері де жоқ,
елі де жоқ қырылған.
Тірі қалса бізге басқа сөзі болмас алғыстан.
Енді бұған Маңғол ма әлде Меркіт болсын бәрі бір.
Қубас жанды сыртқа теуіп ,
демей- ақ қой ары жүр!
Құралайды көзге ататын мерген адам — бізде жоқ.
Атқан оғы зая кетпей дәл тиетін дарығыр !-
Деп жазып боп ,Қолтуғанға
— тынық ,- деді шамалы.
Ас- су берді ,әдемілеп киіндірді саналы.
Шаш ,тырнақты ап ,алғаннан соң аздап жуып - шайынып,
Батырыңның оттай жайнап шыға келді жанары .
Осы болды Жошы ханның қамқорлығы қазіргі ,
Жүрерінде мойынына тақтырған жоқ ажырғы .
Ал ,Қолтуған Жошы ханға разымын дегендей ,
Басын изеп үнсіз ғана сау бол деді жаз* ұлды .
Қисалаңдап арба тартты енді қара қорымға ,
Теріс қарап Қолту кетті екі көзі жолында.
Тоқтаубектің тұқымдарын түгел құртпай хан бетін ,
Көрмен деген Сүбедилер оңы менен солында.
Шыңғыс қан да Қолтуғанды күтіп торған ордада,
Астамсыған жолықтым деп теңдесі жоқ олжаға.
Жұрттың көзі жеткен шығар құдіреті теңдессіз ,
Менің мына қолдарымдай бұл әлемде қол жоқ ә!-
Деп мардымсып ісіп ,кеуіп тұрған кезде Шыңғысхан.
Хатын оқып ,ұлдан келген,
кенет дүлей мұң қысқан.
— Мынау өзі білмейме ,- деп сыбап алды Жошыны ,
әкесіне кімдердің дос екендігін кім дұшпан ?
Бұның нағып Қолтуғанға бұра қалды бүйрегі ?
Рас Меркіт мен жағынан қырылды әм күйреді .
Бөрі күшік тауға қарап ұлымайма қашанда ,
Мұны арлан ғып жаратқан сол
Бөрілердің ирегі *
Бұл немеде жошы сынды екен өзі келбетті ,
— Сізге ыңғайсыз болса менің құзырыма бер-,депті.
— мұндай мерген Маңғолда жоқ -, деп ақтапты тағы да.
Ашу қысқан бір жойқын күш Шыңғысханды терлетті.
Болған ба еді жауласу да болған ба еді кек тегін !
Бұқтырманың таппай жүрген Шыңғысхандар өткелін.
Осы Қолту…өңменіне көздеп атқан жебесін,
Қағып алған ,әйтпегенде аяйды ғой депе едің.
Жақыным - бед ?
Кебе сынды.
Туысым - бед қаны бір.
Досым да емес ,қай- қашан да жайнап тұрған жаны гүл.
Ата жауым алпарысып,
өткен менің алпыс жыл.
Мен деген де мұның дағы
қара еді қаны кіл.
Мұның бәрін біліп тұрып Жошы неге өтінді ?
“Асырама деген сөзді ұмытты ма жетімді”?
Балалық па ,шалалық па запыран ғып құйғаны- ай !
Онсыз дағы тасып тұрған аузыма удай өтімді.
Бұл өтініш қатты батты Шыңғысханның жанына.
— Бір тілсім күш іштей мұны
тартып тұрма қанына ?—
Деп өшікті кешіре алар еместей ,
Адам бе екен тиген мұның тағдыр ма екен шамына!
Тегін емес!
Өмір деген—шат болса ғой күлгендей ,
Жетпей тұрад қайсы іс те бәріне де ”…бір кемдей”
Дүниені уысыңда ұстап тұрған жанның да
Осал тұсы кездесерін болды міне білгендей.
Саралаймыз заманды біз ,
сараптаймыз ғасырды.
Асыл десек бір тұлғаны ,
Тек ,санада асылды.
Күллі әлемге аты шыққан сол жеңімпаз Шыңғысхан,
Мына сырды сыртқа жаймай өз ішінде жасырды
Осы өзі ұқсайма деп менің ұлым Жошыға?
Қолтуғанға қарады ол түнеріп кеп шошына.
Ұқсайтындай ,керек десең келетіндей бір жері
Ана бөлек ,әке бірде мұндай ұқсау тосын ә?!
Мұны көріп қаған Шыңғыс Қолтуғанға онан арман өшікті
Бір соғыста Бұқтырмада өткел таппай кешікті .
Дәл сол тұста осы Қолту …көздеп атып қалып - ед, Сауыттағы қос жағаның алдындағы тесікті .
Абырой боп қағып алған
ұшып келген жебені.
Қашып кеткен сонда Қолту…айланып бір төбені.
Шыңғысханның түсті есіне
әне сол кез қолынан,
Сусып кеткен Қолтуғанға әттеген- ай дегені.
Мергендігі құрсын бүйткен
Мені өлтіре жаздаған.
Ыққан менің айбарымнан
бұл өмірде аз ба адам !
Ал мынаушы ықпақ түгіл ,
кеуде керіп тұр міне ,
Тұтқындығы есінде жоқ,
жерде тұрып қаз қадам.
— Мерген ұлы Тоқтаубектің
Қолтуғаны осыма ?-
Деп сұрады Сүбідейден
— Күшлік ханның досы ма?
— Осы,- деді .сүбідей де кеуде керіп бір аттап ,
— жібер- , деді мұны да әйтсе ата- анасы ,досына !
Шықты осылай орда ішінде Шыңғысқанның жарлығы .
Қолтуғанға шын сезілді бұл дүние тарлығы.
Аман алып қалмаса екен деп отырған осында ,
Тоғыз тұғыр ,бес тәйжінің өре тұрды барлығы .
— Ал ,хан ием! Мұны қалай өлтірейік бер шешім,
Қалай жауып жатқызған жөн қара жерден көрпесін.
Бір ауыз сөз айтсаң болы Ренжітпей жатқызам,
алдыңдағы бас имеген Тоқтаубектің еркесін ,-
Деп Сүбедей қанішер сұм ернін жалап ,қылғынды ,
Кеше ғана қан бөктірген қос Шіңгіл мен Бұлғынды .
— өз еркіңде отқа салып пісіріп же ,асып же ,-
деді Шыңғыс ерік беріп істі солай тындырды.
Қан ішерлер отыр еді алақанын ысқылап,
Мына жарлық берді оларға ерекше бір күш - қуат.
Ерлер үшін өлім деген емес екен сүркейлі ,
Тау ,далаға құмарта бір қараудың ,
Қолтуғанға
Соңғы сәті түсті нақ.
Дәм- тұз бітті ,
О, дүние-ай ! Қош бол енді жап- жарық.
Аяқталды бұл ғұмыр да тұрған кеше бақ жанып.
Қалың нөпір халық міне Қолтуғанға қарап тұр,
Арба кетіп баражатқан
Сол халықты қақ жарып.
Тау мен дала жайға қалды ,
Түсін мейлің ,түсін бе ,
Көзіне оттай басылады қалың нөпір ішінде .
Құлан менен қос жеңгесі көздері тұр боталап ,
Аян ба екен?
бұл үшеуін кеше көрген түсінде ?!
Құлан десе құлан едің . құланиек ақ таңдай !
Тал бойыңа бар сұлулық
тұтас сиып жатқандай !
Ғашық болғам мен сыртыңнан періштем - ең амалне !
Түсінбедім сорым қандай ,
түсінбедім бақ қандай ?!
Ал қазақта жеңге деген жолы бөлек ,басқа ұғым.
Жеңгелілер мағаналы өткізеді жастығын .
Жақсы жеңге қайным десе үйіріліп тұрады,
Жеңге алдында білінбейді аштығың мен тоқтығың.
Қолтуғанға тете өскен екі ағасы бар еді ,
Бұл екеуі Құтым менен Шылауынның жары еді.
қайындарға қайырлы еді , ата- енеге ибалы ,
Мейірлі еді сол ауылдың
намысы мен ары еді.
— Қайран жеңгем ! -деп Қолтуған үһіледі ,аһ ұрды.
Бұлап кеткен бір соғыста осы екі пақырды.
Өгедейге алып берген қос сұлуды сол кезде,
Жан еді олар тым көрікті зерек әрі ақылды .
Жақсы жеңге қайынына көрген емес паңданып,
Қайын аңқау жеңге алдында қала берер алданып ,
Жеңге деген бір жақының туысыңнан кейінгі ,
“Қос жеңге “ деп шырқар ма еді әйтпегенде Таңжарық.
Міне Қолту … қос жеңгесін қия алмай тұр соңғы рет,
Жеңгелері қиналып тұр жанарлары мөлдіреп .
Екі жақ та бәрін іштей сезінеді,сезеді ,
Жиі- жиі демалады ,жіпсіп танау желбіреп.
Беріп кетер мүмкіндік те ,заты да жоқ белгі деп ,
Ат ұстаған жеңге де жоқ міне қайным келді деп.
Бейбітшілік. кез болғанда ,
жарқ- жұрқ етіп әзілдеп
Көз алдымда жүрер еңдер көйлектерің көлбіреп.
— Саубол жеңге ,саубол Құлан,
Саубол қайран тау,далам.
Аяушылық жаса демен,
жасамайды жау маған.
Мен болайын құрбандығың,
қайран Халқым ,Меркітім,
Меніменен кетсін жандар
бастан бағы аунаған!—
Деп Қолтуған ұзақ қарап ,
ұзап бара- ды арбамен,
Көк жүзінде қалықтап жүр,
төрт- бес Құмай Қарғамен.
Жанын қинап,Белін бүгіп , мойнын бұрап өлтіру —
Жауыздықтан Маңғолдардың сұм тәсілі қалған ең.
Сол тәсілмен Қолтуғанды жәһәннамға жіберді .
Тұтқын құрсын ! Батырдағы мұқалтады жігерді .
Жетістік те адамзаттың өзіне жау қарашы ,
Сол заманда ойлап тапқан Күнде , Тұсау ,Шідерді *
…………………….. ………… ……………………
Әби * — түрік тілінде аға мағанасында .әрі ұйқас үшін ,әрі сол тұста сол өңірде түркі тілі болған деген оймен алынды.
Жаз*— жаны жайсаң ұлды деген мағанада алдым.
Бөрілердің ирегі* — оқырманға түсінікті болуға тиіс. Ит тұқымдастың тұқым қалдырары ирек болатын көрінеді.














