Ақындар айтысы өтті

Ақындар айтысы өтті

 

Елордамызда екі күнге жалғасқан «Адамзаттың бәрін сүй!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. 17-18 қазан күндері Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония залында өткен айтысқа 14 ақын қатысып, сөз сайысына түсті.

Айтыстың ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов қатысып, министр Аида Балаеваның құттықтау хатын оқып берді.

«Айтыс – халқымыздың рухани болмысының айнасы, ғасырлардан жеткен қасиетті өнер. Оны қастерлеу, жаңа дәуірдің тынысымен қайта түлету және жас ұрпақтың санасына сіңіру – бәрімізге ортақ міндет. Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын ұлттық өнерді дәріптейтін, дәстүр сабақтастығын жалғайтын осындай іргелі жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Еліміздің игіліктері мен жетістіктері, халықтың жарқын болашағы ұлт мерейін асқақтататын ұлық мерекеге арналып отырған бүгінгі айтыстың арқауына айналып, ақындарымыздың шабыты шалқи берсін!» – делінген құттықтау хатта.

Айтыстың қазылар алқасына ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері Жүрсін Ерман төрағалық етті. ҚР Парламентінің депутаты, ақын Аманжол Әлтай айтысты жүргізіп отырды. Екі күнге жалғасқан жыр додасында қазылар алқасының шешімі бойынша Айбек Қалиев бас жүлдеге ие болды. «Алтын домбыраны» алған Айбек Қалиевке Астана қаласынан пәтер табысталды. Бірінші орынды Бексұлтан Орынбасар, екінші орынды Нұрбол Жауынбаев пен Серік Қуанған, ал үшінші орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Дидар Қами иеленді. Сонымен қатар ақтық сында ерекше сөз шеберлігін көрсеткен ақындар арнайы жүлделермен марапатталды.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
22.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 54
Министрлікте өткен кеңес
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 21
Ақындар айтысы өтті
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 21
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 54
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 296
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 301

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18970
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18830
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33995
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32548
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36354