Әр үйге – сапалы ауыз су

Әр үйге – сапалы ауыз су

Ауыз су саласы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қ.Мәдібектің  БАҚ өкілдерімен өткен  брифингте ағымдағы жылы атқарылған  жұмыстары кеңінен баяндалды.

Күні кеше Қасым-Жомарт Кемелұлы ирригация жүйелері және жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу қажет екендігіне айрықша назар аударды. Бұл мәселе Жамбыл облысы үшін өте өзекті екені айқын.

Қай  уақытта да тіршілік нәріне сұраныс артатыны сөзсіз. Әсіресе, тұрғындарға берілетін ауыз су сапасы – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінде облысқа қарасты өңірде 371 елді мекен бар. 4 қала және 367 ауылдық елді мекен.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алдағы екі жылда қала және ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету қажет.

Қазір ауыз сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен санағанда қалаларда 97,5% (513,4 мың адам), ауылдық елді мекендерде 94,9% (655,7 мың адам) болып отыр.

Ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 54 ауылдық елді мекен (35,4 мың адам) және Тараз, Шу қалалары бойынша 10 тұрғын алқап қалды (6,9 мың адам).

Ағымдағы жылы ауыз суға жалпы 21,5 млрд. теңге бөлініп, 68 жоба іске асырылуда.

Оған 37 елді мекен (құрылыс — 22 е.м., КБМ — 15 е.м.) мен 2 қаладағы                5 тұрғын алқапты (13,6 мың адам) сапалы ауыз сумен қамтамасыз          ету  жоспарланып отыр.

Нәтижесінде, жыл қорытындысымен ауыз сумен жабдықтау көрсеткіші қалаларда 98,8% (524,4 мың адам), ауылдық елді мекендерде 98,1% (651,8 мың адам) болады.

Республикалық бюджеттің 2025 жылғы жоспарын қалыптастыруға 23,9 млрд. теңгеге 30 жоба ұсынылды.

 

Жамбыл облысы
03.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 181
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 175
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 685
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 806
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 720

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8876
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8271
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11499
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9255
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10482