Жастық шағын сұрапыл соғысқа есейген шағын елдің көркеуіне арнаған ардагерлер бұл күнде саусақпен санарлық.
Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
Отан үшін от кешкен ардагерлер барлық сый құрметке лайық. Осылай деп сөз бастаған Сарысу аудандық мәслихатының депутаты Лаура Нұрмаханова “Ардагерлерді ардақтайық” патриоттық жобасы аясында ҰОС ардагері Ибижанов Қабыл атамызды “Аманат” депутаттық фракциясыныарң мүшесі С.Серікбаевпен бірге құттықтап, сый-сыйапат ұсынып қайтты.
Ардагер ақ батасын беріп, елімізге тыныштық, жерімізге ырыс-құт тіледі.