АРДАГЕРЛЕРДІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН ОРТАЛЫҚ

АРДАГЕРЛЕРДІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН ОРТАЛЫҚ
Белсенді ұзақ өмір орталығының да болып, ардагерлердің ұсыныс-пікірін, қызмет түрлерінің сапасын көріп қайттым.
Жалпы, бұл орталықтың негізгі мақсаты – зейнет жасына жеткен белсенді, өмір жасын ұзартуды көздеген қарт адамдарға мемлекет тарапынан мүмкіндіктер жасау арқылы денсаулығын қолдау, көңіл-күйін көтеру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Нысан 150 орынға шақталған, дегенмен ашылғанына көп болмасада кезекте 300-ге жуық азаматтарымыз тұр. Бұл – орталыққа келушілердің қатары көп екенін әрі тиімді екенін көрсетеді. Сонымен қатар, мұнда денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған психологиялық тренинг, дәрігердің кеңесі, физиотерапия, массаж, тұзды шахта, нуга бест, фито бар және басқада мүмкіндіктер қарастырылған. Орталықта тренажер залы, үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, бильярд залы және ұлттық би, вальс, хор, вокал, сәндік-қолданбалы өнері, емдік денешынықтыру, тіл үйрену үйірмелері жұмыс істейді. Сонымен бірге, тиісті мекемелермен байланыс жасау арқылы мәдени іс-шаралар (кино, театр, серуен) ұйымдастыру, бассейнге бару мүмкіндіктері жасалынуда Осы қамқорлықтар мен мүмкіндіктер барлық деңгейдегі зейнет жасындағы кісілерге ақысыз, тегін көрсетіліп отыр.Ардагерлердің бірқатар ұсынысын назарға алдым. Орталыққа қоғамдық көліктің арнайы бағытын қарастыру, кезектіліктің ұлғаюуына орай орталықтағы орын санын арттыру, қаланың шеткері аймақтарынан келетін қариялар осындай орталықтар тағы салу бойынша талап-тілегін жеткізді.
Тұрғындар өтініші бойынша жұмыстар жүргізіп, оң шешім шығаруға кірісетін боламыз.
Еркін Келесов, Жамбыл облыстық «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»
07.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 501
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 597
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 603
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 597
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 600
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 377

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11686
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10615
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13849
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12807
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17811