Бүгін қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, еркін пікір алмастық. Басқосу барысында ақсақалдармен қалада қолға алынатын тірліктерді ақылдасып, ортақ шешімдерді қабылдадық.
Өз кезегінде ардагерлеріміз қалалық емханадағы дәрігер тапшылығы, қоғамдық көлік пен жаяу жүргінші жолағы, қаңғыбас иттер мен кәріз жүйесіне қатысты бірқатар мәселелерді назарға ұсынып, аталған түйткілдерді бірлесе шешу керектігін айтты.
Қалай десек те, кез келген тірліктің уақытқа келіп тірелетіні анық. Сондықтан да барлық жұмыс жоспарға сәйкес рет-ретімен шешімін табатын болады. Қай істе болса да ақсақалдарымыздың ақыл-кеңесіне жүгінетін боламыз.