«Арманға жол» бағдарламасы Петропавл электротехникалық зауытының 100-ден астам қызметкеріне қоныс тойын тойлауға көмектеседі. «Отбасы Банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) мен «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС «Арманға жол» бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.
Петропавл электротехникалық зауытының басшылығы өз қызметкерлеріне баспана сатып алуға қолдау көрсетуді ұйғарды. Осылайша, Отбасы банкіндегі депозитке баспанаға қажетті бастапқы жарнаны жинақтау кезеңінде компания қызметкерлерін 3 жыл мерзімге жалға берілетін баспанамен қамтамасыз етуге дайын. Бұл қарапайым жұмысшыларды тұрғын үй құнының 50% салымдарына тезірек жинауға ынталандырады. Кейін олар төлем қабілеттілігін растамай-ақ, Отбасы банкінен жылдық 5%-бен (ЖТСМ 5,2% бастап) тұрғын үй заемын алуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ компания өз қаражаты есебінен қызметкерлердің салымдарын ай сайын 150 мың теңгеге толықтырып отырмақ. Ал «Арманға жол» бағдарламасы компания қызметкерлеріне өз жалақыларынан Отбасы банкіндегі депозитке автоматты түрде ақша аудару арқылы қажетті соманы жинақтауға көмектеседі. Ол үшін жұмысшылар зауыттың бухгалтериясына өтініш жазулары қажет, ізінше қаражат Отбасы банкіндегі депозитке автоматты түрде олардың жалақыларынан бірден шотқа аударылып отырады.