Арнайы топтар қандай жұмыс атқарады?

Арнайы топтар қандай жұмыс атқарады?

Мұнайлы өлкеде қиын жағдайдағы отбасыларды анықтайтын арнайы топтар жұмыс істейді. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың төрағалығымен өткен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Алқалы жиында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланып, комиссия мүшелеріне жаңа Конституцияның басылымдары табысталды.

Атырау облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Абзал Әліпқалиевтың баяндауынша, жыл басынан бері өңірде әйелдерге қатысты 726 қылмыс тіркелгенін айтты. Бұл былтырмен салыстырғанда 8,8 пайызға жоғары.

– Жыл басынан бері облыста отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға қатысты 2 496 хабарлама қаралды. Отбасындағы тыныштықты бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы бойынша 2 456 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар өңірде қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды анықтау мақсатында ведомствоаралық мобильді топтар жұмыс істейді. Биыл 52 отбасыға құқықтық көмек көрсетіліп, отбасыны қолдау орталықтарына жолданды, – деді А. Әліпқалиев.

Атап айту керек, өңірде 2012 жылдан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы жұмыс істеп келеді. Қазір орталық бір мезетте 20 әйел мен 45 баланы қабылдай алады. Мұнда уақытша баспана беріліп, құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты отбасыны қолдау орталығы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталық тұрақты жұмыс істеп тұр. Былтыр мұнда 16 әйел мен 46 балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілсе, биыл бұл қызметті 21 әйел мен 49 бала алды. Орталық облыс аудандарынан келген азаматтарға да көмек көрсетеді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Жанғалиева өңірде медициналық психологтардың кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Яғни, бүгінде арнайы даярлықтан өткен мамандар барлық емханаларда қызмет көрсетіп, жыл басынан бері психологтың қабылдауына жолданған 105 азаматпен жеке жұмыс жүргізілген.

Мақат ауданында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы институтын нығайту және тұрмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта «Тұрмыс», «Қауіпсіз үй» және STOP Stalking республикалық жедел алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылып, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ психолог қызметінің тиімділігін арттыру, мамандар санының жүктемеге сәйкестігін қамтамасыз ету және оларды қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мәселесін пысықтауды жүктеді. 

 

А. ХАМИТТЕГІ
10.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27107
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26593
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43917
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39701
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44259