Архитектуралық мұраны сақтау – Семей қаласы Бас жоспарының негізгі міндеттерінің бірі

Архитектуралық мұраны сақтау – Семей қаласы Бас жоспарының негізгі міндеттерінің бірі

Семей қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеушілер мен жобалаушылардың айтуынша, тарих және сәулет ескерткіштері өздерінің қорғау аймақтарына ие болып, мемлекет тарапынан қорғауға алынады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Семей қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы  Дархан Сейтханов мәлімдеді.

 

— Жаңа бас жоспарды іске  асыру кезінде біз «Тарих және мәдениет объектілері мен ескерткіштері» бөлімін қарастырдық. Бұл бөлімде біз ескерткіштер ретінде ресми түрде танылған нысандар туралы мәліметтерді жандандырамыз. Жаңа бас жоспар аясында біз оларды арнайы қорғау аймақтарына орналастырамыз, - деп атап өтті спикер.

 

Жобалаушылар қатарындағы Нұрбек Аужанов тарихи құрылыс пен мұраны сақтау Семей қаласы жаңа бас жоспарының негізгі элементтерінің бірі екенін айтты.

 

- Семей – тарихқа бай қалалардың бірі. Маңыздылығы бойынша тек Орал, Петропавл қалаларымен салыстыруға болады. Бас жоспардың құрамында жеке корғау аймағы бар тарихи және сәулет ескерткіштерінің тізімі болады. Қаланың орталық бөлігі, сонымен қатар бірнеше шағын аудандар да тарихқа өте бай. Сондықтан бас жоспардың бір ерекшелігі – тарихи құрылысқа баса назар аудару, - деді Нұрбек Аужанов.

 

Айта кететіні, жаңа бас жоспар әлі мақұлданбады, ал оны бекіткеннен кейін егжей-тегжейлі жоспарлау жүретін болады.

 

- Бас жоспар қаланың жалпы даму стратегиясын айқындайды. Басты мақсаты алаңдарды, қаланы аймақтарға бөлуді белгілейді. Әрі қарай біз әрбір нысан бойынша, әр көше бойынша нақты жоспарлау дайындаймыз, - деп қорытындылады Дархан Сейтханов.

22.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 244
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 240
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 742
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 865
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 778

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8935
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8329
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11557
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9314
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10541