Аса қауіпті зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүруде

Аса қауіпті зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүруде
Биылғы жылы мемлекеттің қолдауының нәтижесінде аумақтық инспекция шегірткеге қарсы күреске ертерек кірісіп, сапалы жұмыс атқаруға басымдық беріп отыр.
Аймақ басшысы бүгінгі жұмыс барысында Көделі мал жайылымында аса қауіпті зиянкестерге қарсы жүргізіліп жатқан химиялық өңдеу жұмыстарымен танысып қайтты.
Биыл ауданның өзінде аса қауіпті италиялық және мароккалық шегіртке алты бірдей ауылдық округке тарап кеткені белгілі болды. Егістік пен жайылымдық жерлерден зиянкестердің ошағы табылды. Осыған байланысты химиялық өңдеу жұмыстары күшейтілді. Мамандар арнайы дәрілерді мынадай АН-2 ұшағымен де шашуға кірісті. Одан бөлек, зиянкестерді оқшаулауға арнайы техникалар тартылды. Химиялық өңдеу жұмыстарын мердігер «ЗапКазФумигация» ЖШС-і жүргізуде – дейді аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Кенен Дүйсенбеков.
«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-нің облыстық филиалы тарапынан берілген сигналды хабарламасына сәйкес, аймақ бойынша шегірткенің зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен асқан 6223 гектар көлемі анықталған. Сәуір айының ортасынан бастап химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін оның 3443 гектары жер агрегаты, 600 гектары АН-2 әуе ұшағы арқылы өңделген. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
 
Байзақ ауданы
05.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6306
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6442
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21420
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20040
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23520