Бүгін Шу қаласының орталығында орналасқан 75 пәтерлі тұрғын үйлердің жай-күйін көзбен көріп, ондағы түйткілді мәселелермен таныстым.
Аудан тұрғындары арасында «әскери қалашық» атанып кеткен бес бірдей көпқабатты тұрғын үйдің іргетасы өткен ғасырдың екінші жартысында қаланған. Кейінгі жылдары 75 пәтерлі тұрғын үйдің біреуіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген болатын.
Жалпы, әбден тозығы жеткен апатты үйлерді қайтадан жаңғырту оңай шаруа емес екендігі түсінікті. Оған қоса, жиырма жылдан аса уақыт қараусыз қалған нысанның қандай күйде болатыны айтпаса да белгілі.
Осыған байланысты, жауапты бөлім басшыларына мұндағы бос тұрған тұрғын үйлерді ел игілігіне пайдаланудың тиімді тұстарын тауып, нақты іс-шаралар әзірлеуді тапсырдым.