«Астана – есірткісіз қала» акциясы аясындағы кездесу

«Астана – есірткісіз қала»  акциясы аясындағы кездесу

21 шілде күні Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында нашақорлықтың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікке арналған профилактикалық кездесу өтті. «Kamkor Qurylys» ЖШС-де ұйымдастырылған іс-шараға Алматы ауданы әкімдігі мен прокуратурасының өкілдері қатысып, құрылыс саласы қызметкерлеріне есірткі қылмыстарының алдын алу, құқықтық жауапкершілік және қауіпсіздік талаптары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Есірткіге тәуелділік – қазіргі қоғамға төнген ең үлкен қатерлердің бірі. Есірткінің таралуына қарсы күреске әрбір азамат белсенді атсалысуы қажет. Заңды сақтау, салауатты өмір салтын ұстану, өз болашағына жауапкершілікпен қарау және қоғам қауіпсіздігіне қатысты мәселелерге бейжай қарамау аса маңызды. Осындай профилактикалық жұмыстар мен ашық диалог құқықтық мәдениетті қалыптастырып, «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға ықпал етеді», – деді Алматы ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алтынай Мұсаева. Кездесуде қатысушыларға есірткі құралдарын сақтау, тарату және тұтыну үшін заңда көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Сондай-ақ кәсіпорын өкілдеріне есірткінің заңсыз айналымына қатысты деректер анықталған жағдайда құзырлы органдарға дер кезінде хабарлау қажеттігі айтылды. Іс-шара барысында балалардың терезеден құлауының алдын алу мәселесіне де назар аударылды.

«Масаға қарсы тор ешқашан баланың салмағын тіреп тұра алмайды. Үйге барған кезде терезелерге ашылуды шектейтін құрылғылардың орнатылғанын тексеріңіздер. Терезе маңынан жиһазды алыстатып, кішкентай балаларды ашық терезесі бар бөлмеде қараусыз қалдырмаңыздар. Сондай-ақ балаларға терезенің қаншалықты қауіпті екенін үнемі түсіндіріп отырыңыздар», – деді Алматы ауданының прокуроры Ботагөз Секенова.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, мамандармен пікір алмасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрғындардың құқықтық сауатын арттырып, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
30.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Бұл құрылтайда кәсібилік  болмаса, бәрі бекер...
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 06.08.2026 150
Талғарда   тоғызқұмалақтың   үздіктері анықталды
Ә.ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 06.08.2026 104
Маңызды жобалар басталды
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 06.08.2026 107

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26759
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26188
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43581
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39363
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43984