Астанада «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Астанада «Hi-Tech»   жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Астанада өтіп жатқан «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер алаяқты қолға түсірді.

Мәлім болғанындай, 28 жастағы азамат ғаламтор бетінде өзін шетелге шығушыларға виза рәсімдеуге көмектесетін агент ретінде жарнамалаған.  Ол осылайша өзімен байланысқа шыққан астаналыққа «Түркияға баруға виза жасатып беремін» деген сылтаумен алдын ала 600 мың теңге ақшасын алған. Алайда түрлі сылтауларды айтып, кешеуілдете берген. Кейін біржолата байланысты үзген.  Бұл жағдай бойынша іске кіріскен полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтап, оны қолға түсірген. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр екен. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға интернет арқылы ұсынылатын қызметтерге ерекше сақтықпен қарауды ескертіп отыр.  «Виза рәсімдеу, жұмысқа орналастыру немесе басқа да ақылы қызметтер үшін алдын ала қаражат аудармас бұрын қызмет көрсетушінің заңдылығы мен сенімділігіне көз жеткізіңіз. Күмәнді ұсыныстарға сенбей, тек ресми ұйымдар мен лицензияланған агенттіктердің қызметіне жүгінген жөн», – дейді олар.

 

26.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27445
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26954
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44278
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40036
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44617