АСТАНАДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫН СТУДЕНТТЕР БАСТАДЫ

АСТАНАДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫН СТУДЕНТТЕР БАСТАДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі экономикалық реформаларға басты назар аударды. Атап айтқанда, Президент Қ.Тоқаевтың бастамалары мен ұсыныстары салық жүйесін қайта жаңғыртуға, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын қабылдауға, ауылшаруашылығы саласын қолжетімді несиелеуге, әділ және тиімді тарифтік саясатқа, көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, білікті кадрлар даярлауға, цифрландыру және жасанды интеллектіні дамытуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Мемлекет басшысы қоғамды толғандыратын бірқатар өзекті мәселелерге жеке-жеке тоқталды. Олардың қатарында интернет-алаяқтық, жол-көлік оқиғалары, әскердегі тәртіп, есірткі бизнесімен күрес, медициналық сақтандыру жүйесінің жетілмегендігі, педагогикалық және медициналық кадрлардың тапшылығы, шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік бақылаудың шектен тыс болуы және т.б. мәселелер бар. Және осы жылды ел президенті «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп атады.

Осы орайда Елордалық флористика мамандығы бойынша оқитын студенттер әлемге әйгілі «Flower Circus» компаниясының мамандарымен кездесті.

Нақтырақ айтсақ, Астана қаласында жұмысшы мамандықтар жылы аясында флористика саласына қызығушылық танытқан жастар үшін ерекше мүмкіндік ұсынылды. Сервис және туризм колледждерінің студенттері әлемге әйгілі голландиялық «Flower Circus» компаниясының жетекші мамандарымен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл ауқымды флористика шеберлік сабақтары Flora Expo Astana 2025 халықаралық көрмесі аясында өтті. Голландиялық «Flower Circus» компаниясының танымал амбассадорлары Жохн Елсгест пен Морган Доугалс студенттерге гүлдер әлемінің жаңалықтарын, сұранысқа ие түрлерін және олардың нарықтағы орнын таныстырды. Сонымен қатар, олар әсем гүл композицияларын жасау, оларды тиімді сату жолдары бойынша құнды кеңестер мен шеберлік сағаттарын өткізді.

Іс-шара барысында студенттер заманауи флористикадағы әлемдік трендтермен танысып, авторлық гүл композицияларын жасау тәжірибесін меңгерді. Практикалық сабақтар арқылы жастар кәсіби дағдыларын шыңдап жұмыс істеудің жолдарын үйренді. Бұл тәжірибе олардың шығармашылық әлеуетін арттырып, болашақ кәсіби өмірлеріне сенімді қадам жасауына жол ашты.

Айта кетерлігі, осы іс-шараға қатысқан колледж түлегі Ержан Балтабай флористика құзыреттілігі бойынша EuroSkills Herning 2025 халықаралық чемпионатының республикалық іріктеу кезеңінде жеңіске жетіп, Голландияда тағылымдамадан өтуге жолдама алды. Бұл Ержан үшін үлкен кәсіби серпіліс болмақ.

Жалпы, аталмыш бастама студенттердің кәсіби даму жолындағы маңызды кезеңге айналып, олардың заманауи флористика саласына терең бойлап, шығармашылық шабыттарын арттыруға септігін тигізді.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
18.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4930
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5095
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20054
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18698
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22156