Астанадағы өнеркәсіп өндірісі қанатын кеңге жайды

Астанадағы өнеркәсіп өндірісі қанатын   кеңге жайды

Еліміздің бас қаласы жыл сайын қарқынды дамып келе жатыр. Сонау бір жылдары қала құрылысын жобалаған мамандар: «Бұл қалада 2023 жылға дейін ары кетсе 800 мың халық тұратын болуы мүмкін», – деп болжаған қысы қаһарлы, жазы жайдары Астанамыз қазір әр салада көрнекті нәтижелерге қол жеткізе бастады. Бүгінгі күні Қазақстанның бас кентінде 1,7 млн адам өмір сүріп жатыр. Құрылысы қарқынды дамумен қоса, инфрақұрылым, инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібі өркендеп келеді.

Бас қаланың осындай жетістіктеріне тоқталған ҚР Үкіметінің ресми сайты арнайы шолу дайындаған екен. «2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша Астана қаласы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша қарқынды өсім көрсетіп отыр. Астана инвестиция тарту, құрылыс көлемі және өңдеу өнеркәсібін әртараптандыру қарқыны бойынша еліміздегі көшбасшы өңірлердің қатарында. Бұл нәтижелер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіпті дамыту және жаңғырту, инвестиция тарту, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүйелі түрде іске асырудың арқасында мүмкін болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елорданың жалпы өңірлік өнімі 18,9 трлн теңгеге жетті. Халық саны 1,7 млн адамды құрайтын бас қаланың үлесіне бүгінде еліміздің жалпы ішкі өнімінің 11,9%-ы тиесілі. Бұл Астананың ұлттық экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің бірі екенін айқындай түседі», – деп жазыпты редакция өз шолуында.

Біз төменде «Primeminister.kz» редакциясы дайындаған шолудан біраз үзінділерді оқырман қауымға ұсына кетуді жөн көрдік.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
12.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25790
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25240
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42652
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38494
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43051