АСХАТ – АҚТӨБЕНІҢ ЖАҢА ӘКІМІ

АСХАТ – АҚТӨБЕНІҢ ЖАҢА ӘКІМІ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Берлешұлы Шахаров Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов Ақтөбе облысының барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысып, облыс активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды.  

Асхат Берлешұлы – самбодан үш мәрте әлем чемпионы, екі дүркін әлем кубогының иегері, дзюдодан дүниежүзілік біріншіліктің қола жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.

2005 жылдың қараша айынан Ақтөбе педагогикалық институты дене тәрбиесі кафедрасының доценті. 2007 жылдың сәуір айынан Ақтөбе облыстық олимпиадашылар резервін дайындау орталығының директоры қызметін атқарды.

2013 жылдың маусым айынан бері Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының әкімі қызметін, 2017 жылдың шілде айынан БҚО Зеленов ауданының әкімі, 2020 жылдың наурыз айынан 2022 жылдың қарашасына дейін Ақтөбе қаласының әкімі болып қызмет етті. Ол Ақтөбе қаласының басшысы қызметінде болғанында жергілікті халықтың құрметіне, сенімі мен ықыласына ие болған, ақтөбеліктер жақсы көрген басшы болды. 2022 жылдың қарашасынан осы уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

Олжас Бектенов осы тағайындауға дейін Ақтөбе облысының әкімі болған Ералы Тоғжановқа өңірді дамытуға зор үлес қосқаны үшін алғыс айтты.

Біз де Асхат Берлешұлына жауапты қызметіне сәттілік тілеп, облыс тұрғындарының үміті мен сенімін ақтайтын, елдің бары мен жоғын түгендейтін, мұңы мен мұқтажына құлақ асатын басшы болуына тілектестігімізді білдіреміз. 

«Qazaqstan dauiri» газеті,  

«ElAna» қоғамдық қоры мен «Мөлдір бұлақ» 

журналы ұжымы

07.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда өрттен 13 адам көз жұмды
Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы - 30.11.2023 32
Өзгенің табысына ортақтасу – масылдық
Нұрым Сырғабаев nurymsyrgabaev28@gmail.com - 30.11.2023 11
Әрбір азаматтың өтініші маңызды
Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімдігі - 30.11.2023 11
🔰АНА МЕН БАЛАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жуалы ауданы әкімдігі - 30.11.2023 42
ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.11.2023 30
КЕЗДЕСУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.11.2023 30
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 1685

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 4081
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 3749
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 3905
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 3839
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 3911