Асхат Оралов: Букмекерлік кеңселерді жарнамалауды тоқтатуымыз қажет

Асхат Оралов: Букмекерлік кеңселерді жарнамалауды  тоқтатуымыз қажет

Мәдениет және спорт министрлігінде ойын бизнесі мәселелері талқыланды. Басты тақырып – лудоманиямен күрес. Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың айтуынша, ведомство жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр. «Бүгінгі таңда қала көшелеріне қарайтын болсақ, елордадан бастап, шалғайдағы ауылға дейін әрбір көшеде билбордтар, баннерлерде құмар ойындардың жарнамасы тұр. Ешқандай тәртіп жоқ. Сондықтан бұның бәрін тоқтатуымыз қажет. Букмекерлік кеңселерді бақылаусыз жарнамалау дәуірі өткенге айналуы керек», – деп жазды министр. Асхат Оралов қажет болса  арнайы  бұйрықтарға,   заңға да өзгерістер енгізу керегін айтып: «Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек», – дейді.

20.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6590
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6717
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21699
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20314
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23803