Ашынған кәсіпкер ана ісін прокуратураға берді

Ашынған   кәсіпкер   ана ісін   прокуратураға берді

Газет көтерген мәселе

                                                

Газетіміздің 21 мамыр күнгі санында (№20 (1596) 21 мамыр 2026 жыл) «Кәсіпкер ананы 9 жыл сандалтқан жер дауы» атты жанайқай мақала жарық көрді. Біз осы жер дауына нүкте қоюға көмектесулерін сұрап, Алматы қаласының әкіміне, «AMANAT» және «Әділет» партияларына редакция атынан ресми хаттар жолдадық. 

Бір аптадан асты ешқандай жауап жоқ. Кәсіпкер ана Тұрсынхан Капчитованың денсаулығына байланысты бұл істі оның жары жасы 73-ке келген Нұрәділ Барманбеков пен екі ұлы жалғастырып, әрі-бері шапқылап жүр. Мақала шыққаннан кейін-ақ Нұрәділ бізге хабарласты. «Ойбуй, біздің жерімізге тыйым (арест) салып қойыпты» деді ол кісі үрейленіп. Кейінірек адвокат келген ресми хатты қарады. «Бұл тыйым хат аса қорқынышты емес екен» деді. Дегенмен назарларыңызға ұсынған хатта «Капчитова учаскені сатуға, біреуге беруге болмайды» деп тыйым салып тұр. Шағым айтушы Нұрәділ: «Қала әкімшілігі, «AMANAT», «Әділет» партиясы тараптарынан комиссия құрылса» деп өтініш айтты. Кәсіпкер алдына қойылған проблемалар жетерлік. «Ең бастысы әділ түрде учаскеміздің бағасы қойылса дейміз. Сондай-ақ  мына жерге қойылып отырған қызыл сызық және жол мәселесі де әлі шешілген жоқ» дейді шағымданушылар. Жер қатынастары басқармасы «Алма ағаштарын санаймыз» деп отыр. Әзірге Капчитованың жер дауына қатысты туындаған мәселелері осы. Сейсенбі күні Тұрсынхан Капчитова Алматы қаласы Медеу аудандық прокуратурасына мемлекеттік органдардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне шағым түсірді. Алдағы уақытта да бұл іс біздің назарымызда болады. 

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ

 

03.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25700
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25155
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42577
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38419
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42953