Ата-аналар арасындағы турнир

Ата-аналар арасындағы турнир

Оралда 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне  орай ата-аналар арасында волейбол турнирі өтті.

Бұл туралы Орал қалалық білім беру  бөлімініңбаспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш бөлімнің кубогысарапқа салынған турнир ата-ана мен мектеп арасындағы  ынтымақтастықты нығайтуды және салауатты  өмір салтын насихаттауды мақсат етті. Жарысқа 16  мектептің ата-аналарынан құралған командалар  қатысты. Ата-аналар тартысты ойын көрсетіп, нәтижесінде оралдық №20, 42, 44, 48 орта мектептердің командалары үздік шығып, финалдық ойында  бақ сынады. 

Командаларды «Халықаралық отбасы күнімен» құттықтаған  Орал қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Айтжан Даумова, №48 ЖОББ мектебініңдиректоры Артур Мұсағалиев ата-аналарды ұрпақтәрбиесінде күш біріктіруге,  «Балалар жылы» аясында өткізілетін шараларға белсене қатысуға шақырды. Турнир қорытындысында Орал қалалық білім беру бөлімінің кубогы және жүлделі І орын Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназияның ата-аналар командасына бұйырды. Жүлделі  екінші және үшінші  орындарды №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясы және  №48 ЖОББ мектебі мен №20  ЖОББ мектебінің ата-аналар командасы өзара бөлісті.Сонымен қатар «Үздік шабуылшы», «Үздік байланыстырушы», «Үздік қорғаушы» номинацияларының иегерлері де анықталды.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
17.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 153
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 165
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 441
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 430

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18345
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18208
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33393
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31946
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35706