Ата-аналар енді 4 балабақшаға дейін таңдай алады

Ата-аналар енді 4 балабақшаға дейін таңдай алады

Енді баласын кезекке қойған ата-аналар төрт балабақшаға дейін таңдай алады. Тәрбиеленушілер саны – 19959, оның ішінде мемлекеттік балабақшаға барып жүргендер – 11783 және мемлекеттік тапсырыс алып отырған жекеменшік балабақшада – 7823, шағын орталықтағы балалар – 353 (9 мемлекеттік шағын орталық). Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова мәлім етті деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазіргі уақытта 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100-%, 2-6 жас 80% құрайды. Жыл басынан 45 мемлекеттік, 77 жекеменшік бөбекжай мемлекеттік тапсырыс алып отыр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 290 орындық 9 балабақша ашылып, қолданысқа берілді. – Атырау қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 17 мың бала кезекте тұр. Бүгінде балаларды кезекке қою және қабылдау толықтай автоматтандырылған. ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірлеген балабақшаларға кезекке тұру және жолдама алудың жаңа ережелерге көшуіне байланысты бірыңғай кезектілікке ауысу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жаңа ереженің тиімділігі – ата-анаға төрт балабақшаға дейін таңдауға мүмкіндік беріледі. Содан соң 1414-тен өзі таңдаған балабақшаға кезекке қойылды деген мемлекеттік қызмет көрсету хабарламасы келіп, электронды жолдама беріледі, – деді А.Дүйсекенова.

КҮМІС ҚАЛТЫКЕЙ
31.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 97
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 617
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 735
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 647
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 656

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8192
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11419
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9173
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10404