АТАҚТЫ ҰШҚЫШ ЖАМБЫЛДА ТҰРАДЫ

АТАҚТЫ ҰШҚЫШ ЖАМБЫЛДА ТҰРАДЫ
Оның аты-жөні Жорабек Орынбеков.

Жамбыл облысы, Талас ауданының түлегі.
Ақкөлдің шаңдақ жолында асыр салып ойнап, асық атқан, тай мінген баласы.
Кезінде АН-2 ұшағын, одан әрі ТУ-154 әуе кемесінің тізгінін ұстап, 25 мың сағат әуеде болған.
Дүниежүзінің шартарабында табаны тиген бұл кәнігі ұшқыштың Тараз қаласында тұратынын екінің бірі білмейді. Себебі, ол кісі жаратылысынан өте қарапайым, аса сабырлы, жинақы қалпында жүреді.
Сол “ӘУЛИЕАТА” халықаралық әуежайының алдыңғы жағындағы “Ұшқыштар” шағын ауылында тұрады. Бар болғаны екі-ақ көшесі бар. Оның біріне екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, аңыз ұшқыш Талғат Бигелдиновтің, екіншісіне тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың есімі берілген. “Берілген” дегенде осында тұратын адамдар өз қалауымен солай атап, жазып қойған. Басқалай қалай болуы мүмкін,ә?! Қала әкімдігі көшелер атауын ендігі заңдастырған да шығар.
Ардақты азамат туралы біраз жыл бұрын, кезінде жазғанбыз. Теледидардан хабар ұйымдастырғанбыз. Талай мәрте жеке сұхбат құрғанбыз. Ұшқыш болу мен болған соң кездескен небір таңғажайып оқиғаларды да айтқанбыз.
Бүгін жөн сөздің шебері Жөкең өзі қатты құрметтейтін академик-математик, көрнекті мемлекет қайраткері Өмірбек ЖОЛДАСБЕКОВТЫҢ туған күніне орайластырып Тараз қаласында сол кісінің атымен аталатын # 50-мектепте қонақта болды.
Белгілі жамбылдық профессор, зиялы жан Сағат Мырзашев пен республикалық “Атшабар” қоғамдық қорының төрағасы Болат Құлекеев үшеуі бір сағат оқушылар мен педагогика ұжымы алдында “Академик Өмірбек Жолдасбековтың өмірі мен өнегесі” туралы дәріс оқыды.
Артына мол ғылыми мұра қалдырған тарлан оқымыстының атақ-даңқы дүние жүзіне қалай танылды? деген сауал төңірегінде ортақ ой қосты.
Жастар ашық және қызықты әңгімеден тәлім-тағлым алды.
Атақты ұшқыштың “ Ғылым мен білімнің арқасында адамзат дамуына сөнбес сәуле түсіріп, жарық жұлдыз жаққан адам елімен бірге жасай береді” деген ойы ғұлама Жолдасбековтың тарихи тұғырын әділ танытқандай еді. Ізгілікті әңгімеге Сәкең мен Бөкең де әдемі септесті.
Жалпы, оқу орындарында, орта мектептерде осындай айтары мол, сирек кездесетін ұлағатты жандармен кездесу дәстүрінің берері көп. Оның үстіне мектептің атын иелеген тұлғаларды танытудың да бір дұрыс жолын да көрсетеді.
Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
01.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 239
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 741
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 864
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 777

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8934
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8328
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11556
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9313
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10540